Осы редакция 06.04.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы N 242 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдағы, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру;
ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану;
ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөнiндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 100000000 (бip жүз миллион) теңге бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен: