Bestprofi Logo

Қаулы № 585 от 2009-04-27г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 585 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 585 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 28 Қаулысымен (27.04.2009 ж. редакцияны қараңыз)

2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.10.2019 жылғы № 798 Қаулысымен (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)

3. "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, N 12, 140-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардын (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

2-тармақтың реттік нөмірі 357-жолының 3-бағаны "СІМ," деген аббревиатурадан кейін "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;

ескертпенің 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі".

4. "2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 916 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 81-жолдың 4-бағаны "ҰҚК," деген аббревиатурадан кейін "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;

Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі".

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание