• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 25.03.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 38 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің         міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 13 қаңтардағы
 N 38 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298  қаулысында: 
көрсетiлген қаулыға қоса берiлген Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi функцияларында: 
14-тармақтағы "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 71  қаулысында: 
1-1-тармақтағы "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Темiр жол көлiгiмен тасымалданатын транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 наурыздағы N 258  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 75-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы темiр жол көлiгiмен тасымалданатын транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеудiң ережесiнде: 
1-тармақтағы "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Қазақстан темiр жолы" РМК" деген сөздер "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ) деген сөздермен ауыстырылсын; 
4-тармақта: 
бiрiншi абзацтағы "Қазақстан темiр жолы" РМК-нiң" деген сөздер "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ-тың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
екiншi және үшiншi абзацтардағы "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "кеден iсi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
8-тармақта: 
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi" деген сөздер "кеден iсi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
үшiншi абзацтағы "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi" деген сөздер "Көлiк және коммуникация министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
9-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарындағы "Қазақстан темiр жолы" РМК" деген сөздер "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын; 
11-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "кеден iсi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi 1006  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесiнде: 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитеті".
5. "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн "бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 қарашадағы 1693  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 556-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiнде: 
мәтiндегi "Кедендiк бақылау агенттiгiмен", "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiмен", "Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.