"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 38 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 38 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысымен (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2015 жылы № 202 (28680) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. "Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 71 қаулысында:
1-1-тармақтағы "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.03.2011 жылғы № 272 Қаулысымен (13.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.10.2019 жылғы № 798 Қаулысымен (06.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.12.2014 жылғы № 1315 Қаулысымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2014 жылы № 253 (28476) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. "Көшi-қонға бақылау жасауды күшейту жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы 241 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 119-құжат):
4-тармақтағы "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 қазандағы N 1019 қаулысында Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 40, 422-құжат):
2-тармақтағы "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттарымен тетігі деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында:
"Кедендiк бақылау агенттiгiнiң" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
4-бағандағы реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4.1, 2.2, 2.3, 2.9, 2.11, 2.11.1, 2.11.2, 2.11.3, 3.1, 3.2, 4.1, 4.4 және 4.5-жолдарда "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3.1-жолдың 3-бағанында "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi КБК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
8. "Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттiк органдардың тiзбесiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 43, 465-құжат):
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 564-құжат):
3-тармақта "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
4-бағанда:
реттiк нөмiрлерi 1.1.1, 1.1.2.1, 1.1.2.2, 1.1.3.1, 1.1.3.2, 2.3, 4.6, 5.1 және 5.2-жолдарда "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2.2-жолда "ҚР КБА (келiсiм бойынша)" деген сөздер "ҚР Қаржыминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетiлген жоспарға де:
"ҚР КБА - Кедендiк бақылау агенттiгi" деген жол "ҚР Қаржыминi - Қаржы министрлiгi" деген жолмен ауыстырылсын.
10. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2004-2006 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiнде (2-бөлiм):
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген бөлiмде:
"Қолданыстағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар" деген кiшi бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-жолмен толықтырылсын:
"2. Кедендiк 2004- Қаржы- 3549,0 4554,0 4218,0 қызметтi дамытудың 2006 мині
2004-2006 жылдарға ж.ж.
арналған бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 қазандағы N 1019 қаулысы) ";
"Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген бөлiмде:
"Қолданыстағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар" деген кiшi бөлiмде:
"2. Кедендiк 2004- КБА 3549,0 4554,0 4218,0 қызметтi дамытудың 2006
2004-2006 жылдарға ж.ж.
арналған бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 қазандағы N 1019 қаулысы) ";
деген реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi 2004-2006 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiнде (3-бөлiм):
"2004-2006 жылдарға арналған басым республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi" деген кестеде:
"Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанындағы "КБА" деген аббревиатура "ҚР Қаржыминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы" деген бөлiмде:
3-бағанда:
реттiк нөмiрлерi 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242-жолдарда "КБА" деген аббревиатура "ҚР Қаржыминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
11. "Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын жүргiзу мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 ақпандағы N 126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 5, 70-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N 705 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмнiң 4-бағанындағы:
реттiк нөмiрi 4.1, 5.1 және 5.2-жолдарда "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген жоспарға де:
"КБА - Кедендiк бақылау агенттiгi" деген жол "Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" деген жолмен ауыстырылсын.
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.12.2016 жылғы № 769 Қаулысымен (12.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |