Toggle Dropdown
62
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 26.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжe;
Toggle Dropdown
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
4. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4-1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
1
7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 140-3), 140-4), 140-5), 140-6), 140-7), 140-8) және 140-9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
26
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекітiлген
Toggle Dropdown
14
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже
Toggle Dropdown
1
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) мынадай салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады:
Toggle Dropdown
1) заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы жетiлдiру;
Toggle Dropdown
2) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру;
Toggle Dropdown
3) сот-сараптама қызметі;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат;
Toggle Dropdown
6) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
7) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
1-1. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті.
Toggle Dropdown
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ тілінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.
Toggle Dropdown
9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
10. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері