Toggle Dropdown
1
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы және «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары;
Toggle Dropdown
2) Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 653 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға
үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Toggle Dropdown
1
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер және адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әділет органдары жанында (бұдан әрі – аумақтық әділет органдары) құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) аттестаттаудан өтеді.
Toggle Dropdown
Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия жеті мүшеден – үш адвокаттан, әділет органдарының екі өкілінен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Toggle Dropdown
Адвокаттардың кандидатураларын адвокаттар алқасының президиумы айқындайды және комиссияның құрамына қосу үшін аумақтық әділет органына ұсынады.
Toggle Dropdown
Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.
Toggle Dropdown
Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерінің бірі оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнінен бастап жаңа мүшесі бір айдан кешіктірілмей құрамға енгізіледі.
Toggle Dropdown
Аумақтық әділет органы бастығының аттестаттау комиссиясының мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
Toggle Dropdown
Аумақтық әділет органы Комиссияның қызметін ұйымдастыру үшін аумақтық әділет органы қызметкерлерінің ішінен Комиссия хатшысын тағайындайды.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Toggle Dropdown
Комиссияның дербес құрамы аумақтық әділет органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен екітіледі.
Toggle Dropdown
3. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың пленарлық отырысының оң пікірін алған адамдар;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
Toggle Dropdown
3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокуратура немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар Комиссияда аттестаттаудан босатылады.
Toggle Dropdown
4. Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы. Аумақтық әділет органы бұқаралық ақпарат құралдарына отырыстың өткізілетін күні туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Комиссия отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазбалар отырыс хаттамасына қоса тіркеледі және Комиссия материалдарымен бірге сақталады.
Toggle Dropdown
2. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртібі
Toggle Dropdown
5. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті комиссияға мына құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша аумақтық әділет органдары арқылы жіберіледі:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) жоғары заң білімі туралы дипломның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар;
Toggle Dropdown
4) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
Toggle Dropdown
5) тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда берілмейді).
Toggle Dropdown
6. Құжаттар тиісінше ресімделмеген (құжаттарда күні және тіркеу нөмірі, уәкілетті адамның қолы немесе елтаңбалы мөрдің болмауы) не құжаттар пакеті толық берілмеген жағдайда, аумақтық әділет органының кеңсесіне пошталық байланыс бөлімдері арқылы келіп түскен өтініш берілген құжаттармен бірге олардың түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен бірге үміткерге қаралмай қайтарылады. Үміткер құжаттарды қолма қол ұсынған кезде, өтінішті қайтару берілген құжаттармен бірге қаралмай дереу жүргізіледі.
Toggle Dropdown
7. Өтінішті қарамай қайтару үшін негіздер болмаған жағдайда, аумақтық әділет органы құжаттарды Комиссияның қарауына жібереді. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Toggle Dropdown
Егер үміткер «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жiберуден бас тартылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттауға жiберуден бас тарту туралы шешiмді аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге жібереді.
Toggle Dropdown
Аттестаттауға жiберуден бас тартуға сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
3. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi мен шарттары
Toggle Dropdown
8. Аумақтық әділет органы аттестаттауға жiберiлген үмiткерді аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты туралы оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімдері оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық әділет органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттау қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткізіледі.
Toggle Dropdown
Комиссия отырысына келген кезде үміткердің өзінде оның жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
Toggle Dropdown
9. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне компьютерлiк тест тапсыру;
Toggle Dropdown
2) адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.
Toggle Dropdown
Yмiткер өз қалауы бойынша аттестаттаудан қазақ немесе орыс тiлінде өтуге құқылы. Үмiткер өзі таңдаған тілін аттестаттау басталғанға дейін жазбаша растайды.
Toggle Dropdown
10. Тестілерге енгізілуі тиіс сұрақтар тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі және біреуі дұрыс болатын жауаптардың кемінде үш нұсқасын қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
Тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып өткізіледі. Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минутты құрайды.
Toggle Dropdown
Аттестаттауды өткізер алдында Комиссия үміткерді аттестаттауды өткізу тәртібі, ұзақтығы және үміткерлерді іріктеу рәсімінің мазмұны туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
11. Аттестаттаудан өту кезінде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
Көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда, үмiткер Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаудан шеттетіледі.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң осы Қағидалардың 5 және 8-тармақтарында көзделген тәртiппен аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта беруге құқылы.
Toggle Dropdown
12. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшін ұсынылады.
Toggle Dropdown
Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.
Toggle Dropdown
13. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан көп пайызын құраса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.
Toggle Dropdown
14. Емтихан билеттеріне енгізілуі тиіс сұрақтар тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Емтихан билеттері адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс үш сұрақтан тұрады.
Toggle Dropdown
15. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына үміткердің жауап дайындауы үшін 10 минут уақыт берiледi. Комиссия мүшелері үміткердің емтихан билетінің ауызша сұрақтарына берген жауаптарының дұрыстығын бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
Toggle Dropdown
Комиссияның әрбiр мүшесi басқалардан тәуелсiз аттестаттаудан өтушінің жауаптарын бағалайды.
Toggle Dropdown
Төрағалық етуші екінші кезеңнің қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері шығарған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балды шығарады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестаттаудан өтушінің емтихан билетінің сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетiледi.
Toggle Dropdown
Егер жалпы орташа балл кемiнде төрт балды құраса, үмiткер аттестаттаудан өттi деп саналады.
Toggle Dropdown
16. Тестiлеу және /немесе емтихан сұрақтарына жауаптардың нәтижелерi бойынша Комиссия осы Қағидалардың 1, 2-қосымшаларында белгiленген нысандар бойынша аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы дәлелді шешiм шығарады. Аттестаттау нәтижелері үміткердің аттестаттаудан өткен күні ол аяқталғаннан кейін жария етіледі.
Toggle Dropdown
Комиссияның шешіміне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешімі оның шығарылған сәтінен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан өтпеген үміткер бір жылдан соң қайта аттестаттауға жіберіледі.
Toggle Dropdown
17. Комиссияның отырысында оның күні, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушінің тегi, аты, әкесiнiң аты, тестiлеу нәтижесi, емтихан билетiнiң нөмiрi мен мазмұны, аттестаттаудан өтушінің жауаптары, Комиссия мүшелерiнiң қойған бағалары мен билет сұрақтары бойынша жалпы орташа балы, сондай-ақ Комиссияның шешiмi көрсетiлетін хаттама жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Хаттамаға аттестаттауды жүргізуге қатысқан Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
Toggle Dropdown
18. Дәлелдi себептер (денсаулық жағдайы бойынша, іссапарда болу себебінен, еңсерілмейтін күштің салдарынан қатысудың мүмкін еместігі) бойынша аттестаттауға келмеген үмiткер осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртiппен Комиссияның келесi отырысына шақырылады.
Toggle Dropdown
Үмiткер қайта келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қаралмайды және аумақтық әділет органдарына ұсынылған құжаттармен бiрге қайтарылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 653 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әділет органдары жанында (бұдан әрі – аумақтық әділет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) аттестаттаудан өтеді.
Toggle Dropdown
Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия жеті мүшеден – нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, екі нотариустан, әділет органдарының екі өкілінен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихаттың екі депутатынан тұрады.
Toggle Dropdown
Нотариустардың кандидатураларын нотариаттық палата Комиссияның құрамына қосу үшін аумақтық әділет органына ұсынады.
Toggle Dropdown
Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.
Toggle Dropdown
Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерінің бірі оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күннен бастап жаңа мүшесі бір айдан кешіктірілмей құрамға енгізіледі.
Toggle Dropdown
Аумақтық әділет органы бастығының аттестаттау комиссиясының мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
Toggle Dropdown
Аумақтық әділет органы Комиссияның қызметін ұйымдастыру үшін аумақтық әділет органы қызметкерлерінің ішінен Комиссия хатшысын тағайындайды.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Toggle Dropdown
Комиссияның дербес құрамы аумақтық әділет органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
3. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судьялар болып жұмыс істеген адамдар;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан босатылады.
Toggle Dropdown
4. Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы. Аумақтық әділет органы бұқаралық ақпарат құралдарына отырыстың өткізілетін күні туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Комиссия отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазбалар отырыс хаттамасына қоса тіркеледі және Комиссия материалдарымен бірге сақталады.
Toggle Dropdown
1. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртібі
Toggle Dropdown
5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Комиссияға мынадай құжаттарын қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша аумақтық әділет органдары арқылы жібереді:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) жоғары заң білімі туралы дипломның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар;
Toggle Dropdown
4) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
Toggle Dropdown
5) тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда берілмейді).
Toggle Dropdown
6. Құжаттар тиісінше ресімделмеген (құжаттарда күні және тіркеу нөмірі, уәкілетті адамның қолы немесе елтаңбалы мөрдің болмауы) не құжаттар пакеті толық берілмеген жағдайда, аумақтық әділет органының кеңсесіне пошталық байланыс бөлімдері арқылы келіп түскен өтініш берілген құжаттармен бірге олардың түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен бірге үміткерге қаралмай қайтарылады. Үміткер құжаттарды қолма қол ұсынған кезде, өтінішті қайтару берілген құжаттармен бірге қаралмай дереу жүргізіледі.
Toggle Dropdown
7. Өтінішті қарамай қайтару үшін негіздер болмаған жағдайда, аумақтық әділет органы құжаттарды Комиссияның қарауына жібереді. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Toggle Dropdown
Егер үміткер «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жiберуден бас тартылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттауға жiберуден бас тарту туралы шешiмді аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге жібереді.
Toggle Dropdown
Аттестаттауға жiберуден бас тартуға сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
3. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi мен шарттары
Toggle Dropdown
8. Аумақтық әділет органы аттестаттауға жiберiлген үмiткерді аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты туралы оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімдері оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық әділет органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттау қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткізіледі.
Toggle Dropdown
Комиссия отырысына келген кезде үміткердің өзінде оның жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
Toggle Dropdown
9. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне компьютерлiк тест тапсыру;
Toggle Dropdown
2) нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.
Toggle Dropdown
Yмiткер өз қалауы бойынша аттестаттаудан қазақ немесе орыс тiлінде өтуге құқылы. Үмiткер өзі таңдаған тілін аттестаттау басталғанға дейін жазбаша растайды.
Toggle Dropdown
10. Тестілерге енгізілуі тиіс сұрақтар тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі және біреуі дұрыс болатын жауаптардың кемінде үш нұсқасын қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
Тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып өткізіледі. Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минутты құрайды.
Toggle Dropdown
Аттестаттауды өткізер алдында Комиссия үміткерді аттестаттауды өткізу тәртібі, ұзақтығы және үміткерлерді іріктеу рәсімінің мазмұны туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
11. Аттестаттаудан өту кезінде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
Көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда, үмiткер Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаудан шеттетіледі.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң осы Қағидалардың 5 және 8-тармақтарында көзделген тәртiппен аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта беруге құқылы.
Toggle Dropdown
12. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшін ұсынылады.
Toggle Dropdown
Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.
Toggle Dropdown
13. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан көп пайызын құраса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.
Toggle Dropdown
14. Емтихан билеттеріне енгізілуі тиіс сұрақтар тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Емтихан билеттері нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс үш сұрақтан тұрады.
Toggle Dropdown
15. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына жауап дайындау үшін 10 минут уақыт берiледi. Комиссия мүшелері үміткердің емтихан билеттерінің сұрақтарына берген ауызша жауаптарының дұрыстығын бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
Toggle Dropdown
Комиссияның әрбiр мүшесi басқалардан тәуелсiз аттестаттаудан өтушінің жауаптарын бағалайды.
Toggle Dropdown
Төрағалық етуші екінші кезеңнің қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері шығарған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балды шығарады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестаттаудан өтушінің емтихан билетінің сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетiледi.
Toggle Dropdown
Егер жалпы орташа балл кемiнде төрт балды құраса, үмiткер аттестаттаудан өттi деп саналады.
Toggle Dropdown
16. Тестiлеу және /немесе емтихан сұрақтарына жауаптардың нәтижелерi бойынша Комиссия осы Қағидалардың 1, 2-қосымшаларында белгiленген нысандар бойынша аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы дәлелді шешiм шығарады. Аттестаттау нәтижелері үміткердің аттестаттаудан өткен күні ол аяқталғаннан кейін жария етіледі.
Toggle Dropdown
Комиссияның шешіміне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Комиссияның аттестаттау туралы шешімі оның шығарылған сәтінен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан өтпеген үміткер бір жылдан соң қайта аттестаттауға жіберіледі
Toggle Dropdown
17. Комиссияның отырысында оның күні, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушінің тегi, аты, әкесiнiң аты, тестiлеу нәтижесi, емтихан билетiнiң нөмiрi мен мазмұны, аттестаттаудан өтушінің жауаптары, Комиссия мүшелерiнiң қойған бағалары мен емтихан билетінің сұрақтары бойынша жалпы орташа балы, сондай-ақ Комиссияның шешiмi көрсетiлетін хаттама жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Хаттамаға аттестаттауды жүргізуге қатысқан Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
Toggle Dropdown
18. Дәлелдi себептер (денсаулық жағдайы бойынша, іссапарда болу себебінен, еңсерілмейтін күштің салдарынан қатысудың мүмкін еместігі) бойынша аттестаттауға келмеген үмiткер осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртiппен Комиссияның келесi отырысына шақырылады.
Toggle Dropdown
Үмiткер қайта келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қаралмайды және аумақтық әділет органдарына ұсынылған құжаттармен бiрге қайтарылады.
Toggle Dropdown
Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен айналысуға
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерді
аттестаттау туралы шешімі
Toggle Dropdown
____________ қаласы 20_____ жылғы « ___»_____________
Toggle Dropdown
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша
Toggle Dropdown
_________________________________________________________
Toggle Dropdown
тестілеу бойынша _____________________балл
Toggle Dropdown
емтихан билеті бойынша ______________балл жинады.
Toggle Dropdown
Мына құрамдағы Комиссия:
Toggle Dropdown
___________________________ аттестатталсын деп шешті.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы
Toggle Dropdown
Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен айналысуға
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерді
аттестаттамау туралы шешімі
Toggle Dropdown
_______________ қаласы 20_____ жылғы « ___» ________
Toggle Dropdown
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
тестілеу бойынша _____________________балл
Toggle Dropdown
емтихан билеті бойынша _______________балл жинады.
Toggle Dropdown
Мына құрамдағы Комиссия:
Toggle Dropdown
шешім шығарды:
Toggle Dropdown
___________________________ аттестаттаудан өтпеді деп саналсын.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы
Toggle Dropdown
Тағылымдамадан өткен және
нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Комиссияның нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткерді аттестаттау туралы шешімі
Toggle Dropdown
_______________ қаласы 20_____ жылғы « ___» ___________
Toggle Dropdown
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
тестілеу бойынша _____________________балл
Toggle Dropdown
емтихан билеті бойынша _______________балл жинады.
Toggle Dropdown
Мына құрамдағы Комиссия:
Toggle Dropdown
___________________________ аттестатталсын деп шешті.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы
Toggle Dropdown
1
Тағылымдамадан өткен және
нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Комиссияның нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткерді аттестаттамау туралы шешімі
Toggle Dropdown
_____________ қаласы 20_____ жылғы « ___» _________
Toggle Dropdown
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша
Toggle Dropdown
___________________________________________________________
Toggle Dropdown
тестілеу бойынша _____________________балл
Toggle Dropdown
емтихан билеті бойынша ______________балл жинады.
Toggle Dropdown
Мына құрамдағы Комиссия:
Toggle Dropdown
шешім шығарды:
Toggle Dropdown
___________________________ аттестаттаудан өтпеді деп саналсын.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 653 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ- ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат).
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 64 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ- ы, 2002 ж., № 4, 20-құжат).
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 9, 82-құжат.).
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 518 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 269-құжат.).
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат ).
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 495 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 203-құжат.).
Toggle Dropdown
7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 18, 160-құжат ).
Toggle Dropdown
8. «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 752 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 600-құжат).