Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 335 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 18.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және барлық еңбекке қабілетті сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұлғайту жөнінде жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) кәсіпорын қызметінің мәні қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N 335 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Астана" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Астана қаласы
2. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Ақтөбе" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Ақтөбе қаласы
3. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Атырау" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Атырау қаласы
4. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Тараз" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Тараз қаласы
5. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Орал" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Орал қаласы
6. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Қызылорда" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Қызылорда қаласы
7. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Ақтау" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Ақтау қаласы
8. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Павлодар" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Павлодар қаласы
9. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Қызылжар" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Петропавл қаласы
10. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Шымкент" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Шымкент қаласы
11. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Семей" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Семей қаласы
12. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Алматы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Алматы қаласы
13. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Тас" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Алматы қаласы
14. Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
"Еңбек - Көкшетау" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Көкшетау қаласы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N 335 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
"Республиканың мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"1. Түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
Toggle Dropdown
реттік нөмірлері 2, 3, 5, 6, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19 жолдар алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)