Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 Қаулысы
Осы редакция 21.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 41, 388-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 376 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 210-құжат);
3) "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 382-құжат).
3. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4-тармақтарын, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының
2-тармағын, өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 352 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тізілімін жүргізу ережесінде:
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі";
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
"Әділет министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі";
"Статистика жөніндегі агенттік", "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі", "Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (республикалық меншік бойынша)", "Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті", "Жергілікті атқарушы органдар (коммуналдық меншік бойынша)" деген бөлімдерінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі";
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
2. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақтың сегізінші абзацында:
"әлеуметтік жеке коды" деген сөздер "жеке сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
", онда әлеуметтік жеке код беру үшін тіркеу карточкасына енгізілген" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың үшінші абзацында "тіркелген әлеуметтік жеке коды" деген сөздер "жеке сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың үшінші абзацында:
"әлеуметтік дербес кодын" деген сөздер "жеке сәйкестендіру нөмірін" деген сөздермен ауыстырылсын;
", онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код беру үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың бірінші абзацында:
"қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтік дербес кодтарды" деген сөздер "қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"әлеуметтік дербес кодты беру үшін тіркеу кәртішкесіне енгізілген" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың бірінші абзацында "немесе салымшының (алушының) деректемелерінде болған өзгерістерді растайтын әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі" деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақта "салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)" деген сөздер "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салық төлеушінің атауы мен тіркеу нөмірі (СТН)" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)";
19-2-тармақта "салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада "ӘЖК" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-2-қосымшада:
"Қызметкерде (-лерде) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы (болмауы) туралы растау анықтамасы" деген кестенің 6-бағанында "Әлеуметтік жеке коды" деген сөздер "Жеке сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада: