• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және "Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және "Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1450 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесiнде:
18-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Күрделi техникалық сипаттамалары және ерекшелiгi бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi осы Ережеде айқындалған тәртiппен заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiктерiнен (консорциумдардан) сатып алады. Мемлекеттiк сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiктерi (консорциумдар) қатысқан жағдайда, онда аталған консорциумның қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар өз бiлiктiлiк талаптарын растау үшiн осы Ережеде белгiленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиiс:»;
163-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;
164-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы 164-1-тармақпен толықтырылсын:
«164-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.»;
Ережеге 3-қосымша:
47-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларда:
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).»;
Ережеге 4-қосымшада:
44-тармақтың бірінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
45-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы 60-2-тармақпен толықтырылсын:
«60-2. Өнім беруші жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.»;
2) «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларында:
165-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;
мынадай мазмұндағы 166-1-тармақпен толықтырылсын:
«166-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.»;
Қағидаларға 1-қосымшада:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Ұйымдастырушы КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде КҚ-ның ережелерiн түсiндiру мәтiнiн веб-порталда жариялайды.»;
22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«22. Конкурстық комиссияның хатшысы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашудың хаттамасын веб-порталда ашылған күнi жариялайды. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тiркелген әлеуеттi өнiм берушiлерге хабарламаны автоматты түрде таратады.»;
50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымша мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).»;
конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымша мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Біздің конкурстық өтiнiміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу аукциондық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).
Қағидаларға 5-қосымшада:
67-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 7-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 15 қарашадағы
 № 1450 қаулысына
 қосымша
Аукциондық құжаттаманың
 электрондық нысанына
 7-қосымша
Берешектiң жоқтығы туралы анықтама
Банктiң атауы _______________________________________________________
 Банк деректемелерi __________________________________________________
Кімге:
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы
 _____________________________________________________________________
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
 _____________________________________________________________________
       Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi  банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп  шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін  (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы көрсетiлciн) банк  алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған  мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды.
       Осы анықтама № _____ электрондық конкурсқа қатысу үшiн берiлдi,  электрондық конкурстың атауы _______________________________________.
Күнi ____________
 Қолы ____________  М.О.