Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1356 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
"1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау" бөлімінде:
"Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын әзірлеу және бекіту" кіші бөлімі және 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту" кіші бөлімінде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдерін;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына қосуға жатпайды.";
8-тармақта:
"(жауапты хатшы) немесе оның міндетін атқарушы мен бас бухгалтері" деген сөздер "не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші абзацта "(жауапты хатшы) мен бас бухгалтері" деген сөздер "не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "осы Ереженің 8-бөліміне сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
"2. Жалпы ережелер" бөлімінде:
13-тармақта:
бірінші абзацтағы "және осындай құрылымдық бөлімшенің басшысына тиісті сенімхат береді" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацта:
"ұйымдастырушы" деген сөзден кейін "тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
", осы құрылымдық бөлімшенің басшысынан темен емес" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақта "алдағы" деген сөздің алдынан "тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың үшінші абзацында "Акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы" деген сөздер "Дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта:
"тауарлар" деген сөздер тиісінше "тауарлар, жұмыстар, қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тауарларды" деген сөздер тиісінше "тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада "тіркелген" деген сөз "куәландырылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада "тауарларды" деген сөздің алдынан "бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;
"3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу" бөлімінде:
"Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту" кіші бөлімінде:
22-тармақта:
1) тармақшада:
төртінші абзацтағы ", сондай-ақ ұсынылатын тауарға меншік құқығын растайтын немесе тауардың меншік иесі не оның ресми өкілі атынан тауарды сатуға арналған құқықты растайтын құжаттардың" деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзацта:
"жарғыдан немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
"құжаттардан" деген сөзден кейін "(жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
"кешіктірмей" деген сөз "кейін" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта:
"немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі" деген сөздер алынып тасталсын;
"банк филиалының" деген сөздерден кейін "қолы және мөрі бар" деген сөздермен толықтырылсын;
"банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының" деген сөздер "анықтаманың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"кешіктірмей" деген сөз "кейін" деген сөзбен ауыстырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
он бірінші абзацтағы ", сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)" деген сөздер алынып тасталсын;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |