• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 20.02.2020 г

Отправить по почте

3

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 Қаулысы

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.02.2020 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес
1
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 325 Қаулысымен (29.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын
4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 қазандағы
№ 1280 қаулысымен
бекітілген
2
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары
1
1. Осы Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі — Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры (бұдан әрі – тұрақтандыру қоры) – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарындағы аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған астықты қоса есептегенде азық-түлiк тауарларының, оның ішінде астықтың жедел қоры;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1168 Қаулысына сәйкес (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.02.2016 жылы № 29 (28761) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау.
3. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
4. Комиссия төрағасы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), әкімінің орынбасары болып табылады, Комиссия мүшелері кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады. Комиссияның сандық құрамы тақ және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
5. Комиссияның құрамы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өкімімен бекітіледі.
6. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
7. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жұмыс органы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген мамандандырылған ұйымнан тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алады.
8. Жұмыс органы әр үш жыл сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алуды көздейді және мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады.
9. Шарт осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша үш жылға жасалады. Шартты тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалануға қатысты басқа да талаптармен толықтыруға жол беріледі.
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12. Шартқа облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдағаннан кейін сатып алу және тауарлық интервенцияларды жүзеге асыру жөніндегі шарттар қосылады.
1
13. Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтерімен жаңа шарт жасасады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда ақшалай мәндегі өтпелі активтер сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып беріледі.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.
14. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша мамандандырылған ұйымның үстеме шығындары азық-түлік тауарларының бекітілген және нарықтық бағалары айырмасы есебінен, сондай-ақ уақытша бос қаражаттарды екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырудан түскен табыстар есебінен жабылады.
15. Тұрақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлiк тауарларының тізбесіне сәйкес азық-түлiк тауарлары бойынша қалыптастырылады.
16. Комиссия ұсыныс пен сұраныстың өңірлік теңгерімі, жұмыс органының егістік алаңдары (жоспарлы), болжамды өнім түсімі, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан бағалар туралы мәліметтері, мамандандырылған ұйымның ұсынысы, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының тізбесін, көлемін, олар бойынша тіркелген бағаны айқындайды және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымдар енгізеді.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17. Сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы Комиссияның ұсынымы хаттама түрінде жасалады және оған Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні қол қойып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне бір жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін енгізіледі.
18. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру туралы Комиссияның хаттамасында сатып алуға жататын тауарлардың тізбесі, олардың көлемі және оларға бекітілген сатып алу бағалары көрсетіледі.
1
19. Сатып алу интервенцияларын жүргізу үшін азық-түлік тауарларына бекітілген баға Комиссия шешімімен нарықтық баға деңгейінде белгіленеді.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 225 Қаулысымен (09.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу тауар өндірушілерден тікелей жүзеге асырылады.
19-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы шешімі Комиссияның сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымы енгізілген сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдануы тиіс.
20-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21. Жұмыс органы мамандандырылған ұйымды тұрақтандыру қорын қалыптастыру қажеттілігі туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімі қабылданған күні жазбаша хабардар етеді.
22. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешім қабылдағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап, тұрақтандыру қорын қалыптастыруға кіріседі.
1
23. Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өндірумен байланысты шығындарды алдын ала қаржыландыру жолымен азық-түлік тауарларының жоспарланған көлемін кепілді сатып алу мақсатында мамандандырылған ұйыммен азық-түлік тауарларын тауар өндірушілерден сатып алуға фьючерстік және форвардтық шарттар жасасуға жол беріледі. Бүл ретте көрсетілген шарттардың орындалуына жауапкершілік тиісті шарт жасасқан мамандандырылған ұйымға жүктеледі.
23-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24. Тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
25. Мамандандырылған ұйым тұрақтандыру қорының орналастырылуын, сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатып алынған азық-түлiк тауарларының сақталу мерзімдерінің есебін жүргізеді.
26. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары мамандандырылған ұйымдардың қоймаларында және (немесе) мамандандырылған ұйымдар мен жауапты сақтау жөнінде қызмет жеткізушілер арасында жасалған шарт бойынша қоймаларда осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайлар орын алғанға дейін сақталады.
27. Тұрақтандыру қорын пайдалануды Комиссия ұсынымы негізінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімі бойынша:
2) азық-түлiк тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
28. Жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен бірлесіп, өңірдің ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау жүргізеді (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, запастардың болуы, баға) және Комиссияның қарауына енгізеді.
28-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
29. Баға аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет деңгейге дейін көтерілген жағдайда Комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдауды ұсынады.
30. Комиссияның тауар интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымы хаттама түрінде жасалады және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қолдарын қояды.
30-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
31. Комиссияның тауар интервенцияларын жүргізу туралы хаттамасында сатылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек және көтерме саудада сату үшін олар бойынша тіркелген бағалар көрсетіледі.
31-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
32. Тауар интервенцияларын жүргізу үшін азық-түлiк тауарларының тіркелген бағасы мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын ескере отырып, нарық бағасынан төмен деңгейде белгіленеді.
32-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
33. Тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі аграрлық азық-түлiк нарығына реттеушілік ықпал етуге қажетті баға деңгейінің көтерілгендігін анықтаған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.
33-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
34. Жұмыс органы мамандандырылған ұйымға тауар интервенцияларын жүргізу қажеттілігі туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдаған күні жазбаша түрде хабарлайды.
34-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
35. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап, тауар интервенцияларын жүргізуге кіріседі.
35-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
36. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
36-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
37. Жұмыс органы тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда нүктелерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпарат жұмысын жүргізеді.
38. Мамандандырылған ұйым тұрақты негізде тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақтау мерзіміне бақылау жүргізеді және азық-түлік тауарларының сақталу мерзімінің аяқталуына алпыс күндік мерзім қалған жағдайда жұмыс органына жазбаша түрде хабарлайды.
39. Жұмыс органы бес күнтізбелік күн ішінде Комиссияның қарауына азық-түлік тауарларын жаңартудың қажеттілігі туралы мәселені енгізеді және Комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне тұрақтандыру қорын жаңарту туралы шешім қабылдауды ұсынады.
40. Тұрақтандыру қорын жаңарту туралы Комиссияның ұсынымы хаттама түрінде әзірленеді және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қолдарын қояды.
41. Комиссияның тұрақтандыру қорын жаңарту туралы хаттамасында мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын ескере отырып, жаңартылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек және көтерме саудада сату үшін олар бойынша тіркелген бағалар көрсетіледі.
41-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
42. Тұрақтандыру қорын жаңарту кезіндегі азық-түлік тауарының белгіленген бағасы нарықтық баға деңгейінде белгіленеді.
43. Тұрақтандыру қорын жаңарту туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі Комиссия тұрақтандыру қорын жаңарту туралы ұсыным енгізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылдайды.
43-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
44. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
44-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
45. Жұмыс органы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдаған күні мамандандырылған ұйымға тұрақтандыру қорын жаңартудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарлайды.
46. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап тұрақтандыру қорын жаңартуға кіріседі.
47. Тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күннен кешіктірмей, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сату және азық-түлік тауарларын тең мөлшерде және ұқсас сапада сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
48. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін сатуды мамандандырылған ұйым өзінің өткізу нүктелері және (немесе) келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарттар жасасқан сауда желілері және (немесе) көтерме базарлар арқылы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына сатуды жүзеге асырады.
48-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 225 Қаулысымен (09.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
48-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс.
1
Азық-түлік тауарларының өңірлік
тұрақтандыру қорларын қалыптастыру
және пайдалану қағидаларына
қосымша
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» деген 159 ерекшелік бойынша азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт
Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
______________________                  _______ ж. "___" _____
(орналасқан жері)

Бұдан әрі тапсырыс беруші деп аталатын ______________________________
_______________________________ атынан ______________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы) (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты,
___________________________ бір тараптан және бұдан әрі жеткізуші деп
       әкесінің аты)
аталатын _______________________________________ атынан _____________
            (жеткізушінің толық атауы)
_________________________________________________ негізінде әрекет ететін        (жарғы, ереже және т.б.)
____________________________________________________ екінші тараптан
       (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
осы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасып, төмендегі туралы келісті:
      Жеткізуші тапсырыс берушіге азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметті (бұдан әрі – қызмет) _______________________________________ теңге сомасына көрсетуді   (сомасын цифрмен және жазумен көрсету қажет)  міндеттенеді.
1. Тапсырыс беруші осы шартқа сәйкес қызметтің ақысын төлеуді жүзеге асырады. Төлем нысаны – қолма-қол емес төлем.
2. Қаражатты аудару осы шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде 100 % көлемінде жүзеге асырылады.
3. Төлем алдындағы қажетті құжат осы шарт болып табылады.
4. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша жеткізушінің үстеме шығындары азық-түлік тауарларының бекітілген және нарықтық бағалары айырмасы есебінен, сондай-ақ бос қаражатты екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырудан түскен табыстар есебінен өтеледі.
жеткізушіден азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі есептерді осы шартқа 1, 2,  3-қосымшаларға сәйкес алуға, сондай-ақ қажет болған кезде мониторинг жүргізуге қажетті қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
1) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алудың фьючерстік және форвардтық шарттарын жасасуға;
2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі қызметтерді жеткізушілердің қызметтерін пайдалануға;
3) тапсырыс берушіден азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану қажеттілігі туралы хабарлама алуға құқылы.
1) өңірдің ішкі нарығы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімдер нарығына (азық-түлік тауарларының өндіріс көлемі және қамтамасыз етілуі, олардың тауарлық қозғалысы, запастардың болуы, бағалар) талдауды тұрақты негізде жүргізуге;
2) халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақтандыру қорларынан азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын сауда нүктелерінің орналасқан жері туралы ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізуге;
3) жеткізушіге азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану қажеттілігі туралы хабарлама беруге;
4) тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану барысы туралы уақытылы хабардар етуге міндетті.
1) тапсырыс беруші осы шартқа сәйкес аударған қаражаттың уақытылы, тиімді және нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
1-1) нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге ұсыныстар берілетін өңірдің ішкі нарығы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімдер нарығына (азық-түлік тауарларының өндіріс көлемі және қамтамасыз етілуі, олардың тауарлық қозғалысы, запастардың болуы, бағалар) талдауды тұрақты негізде жүргізуге;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) тапсырыс берушіден хабарлама алған күннен бастап азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыруға кірісуге;
1
3) азық-түлік тауарларын тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асыруға;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 225 Қаулысымен (09.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын орналастыруды, сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сатып алынған азық-түлік тауарларының сақталу мерзімінің есебін жүргізуге;
5) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын өзінің сауда нүктелері арқылы және/немесе келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарт жасасқан сауда желілері және (немесе) көтерме базарлар арқылы өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізуге.
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 225 Қаулысымен (09.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс;
1
6) осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтерді ескере отырып, жаңа шарт жасасуға;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1) Тұрақтандыру қорлары таратылған жағдайда азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатын жергілікті бюджетке қайтаруға міндетті. Егер Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса (тапсырыс берушінің жазбаша хабарламасына сәйкес), онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.
2-тармақ 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) тапсырыс берушіге ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 10-күні азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі есептерді осы шартқа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес ұсынуға, сондай-ақ қажет болған кезде мониторинг жүргізуге қажетті қосымша ақпарат ұсынуға міндетті.
1. Тапсырыс беруші мен жеткізуші осы шарт бойынша қабылданған өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жауапкершілік тартады.
2. Осы шарт бойынша даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тапсырыс беруші мен жеткізуші форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде қалыптасқан жағдайдан шығуға шешім іздеу үшін тез арада кеңес өткізеді және осындай жағдайлардың салдарларын барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін барлық құралды қолданады.
1. Осы шартқа қосымшалар, өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және олар жазбаша түрде жасалған және екі тарап та қол қойған жағдайда ғана заңды күші болады.
2. Осы шарттың талаптарымен көзделмеген басқа өзара қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
3. Осы шарт әрқайсысы бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үш данада жасалды.
      1. Осы шарттың қолданылу мерзімі _____ жылғы 30 желтоқсанға дейін.
2. Осы шарт оны тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін күшіне енеді.
Тапсырыс беруші                        Жеткізуші
      ___________________________        ____________________________
           (толық атауы)                        (толық атауы)
      ___________________________        ____________________________
      ___________________________        ____________________________
           (мекенжайы)                          (мекенжайы)
      ___________________________        ____________________________
           (телефон, факс)                      (телефон, факс)
      ___________________________        ____________________________
            (Т.А.Ә.)                              (Т.А.Ә.)
      ___________________________        ____________________________
            (қолы)                                 (қолы)
      201__жылғы "___"______.            201__жылғы "___"______.
      М.О.                               М.О.

      Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні:
      201__ жылғы «____» ____________.
«Азық-түлік тауарларының өңірлік
тұрақтандыру қорларын қалыптастыру»
бюджеттік бағдарламасының шеңберінде
159 (Өзге де қызметтер мен
жұмыстарға ақы төлеу) бойынша азық-түлік тауарларының
өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру
және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып
алу туралы үлгілік шартқа
1-қосымша
1-қосымшаның тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
Р/с № Азық-түлік тауарының атауы Сатып алынғаны, барлығы Соның ішінде осы өңірдің тауар өндірушілерінен сатып алынғаны
көлемі, тонна бірлік бағасы, кг/теңге барлығы, мың теңге көлемі, тонна бірлік бағасы, кг/теңге барлығы, мың теңге
               
               
               
               
«Азық-түлік тауарларының өңірлік
тұрақтандыру қорларын қалыптастыру»
бюджеттік бағдарламасының шеңберінде
159 (Өзге де қызметтер мен
жұмыстарға ақы төлеу) бойынша азық-түлік тауарларының
өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру
және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып
алу туралы үлгілік шартқа
2-қосымша
2-қосымшаның тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының болуы және сақталуы туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
Р/с № Азық-түлік тауарының атауы 201_01.бойынша
запас
Соның ішінде сақтаудағы
көлемі,тонна құны,мың теңге жеткізушінің меншікті қоймаларында басқа меншік иелерінің қоймаларында

 

 

 
көлемі,тонна құны,мың теңге көлемі,тонна құны,мың теңге 1 тоннаға қызмет құны,айына мың теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
1
«Азық-түлік тауарларының өңірлік
тұрақтандыру қорларын қалыптастыру»
бюджеттік бағдарламасының шеңберінде
159 (Өзге де қызметтер мен
жұмыстарға ақы төлеу) бойынша азық-түлік тауарларының
өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру
және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып
алу туралы үлгілік шартқа
3-қосымша
3-қосымшаның тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 412 Қаулысымен (12.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын пайдалану туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
Р/с № Азық-түлік тауарының атауы Өткізу көлемі
барлығы соның ішінде:
тауарлық интервенция жүргізу мақсатында жаңарту мақсатында
көлемі, тонна құны, мың теңге көлемі, тонна бірлік бағасы, кг/теңге құны, мың теңге көлемі, тонна бірлік бағасы, кг/теңге құны, мың теңге
                   
                   
                   
                   
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнің
2012 жылғы 9 қазандағы
№ 1280 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 602 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 283-құжат).
2. «Азық-түлік тауарлары мемлекеттік ресурстарының қорын қалыптастыру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1088 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 57, 546-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 589 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 505-құжат).