• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 16.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 Қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі;
2) Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беретін рәсімдерді өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.02.2012 № 237 Қаулысымен (29.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір
күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 30.01.2012 ерте емес қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 6 мамырдағы
 N 425 қаулысымен
 бекітілген
Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 18.02.2012 № 237 (29.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 30.01.2012 ерте емес қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды  (деректерді) ресімдеу және беру ережесі (будан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген, ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын (бұдан әрі - жоба) әзірлеу үшін қажетті құқық белгілеуші құжаттар мен өзге де бастапқы материалдарды (деректерді) берудің және оларды беруден уәжді бас тартудың тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың)  функционалдық мақсатын өзгертуге, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
2) қайта жаңарту - әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
3) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
4) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстар:
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;
инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
автомобиль мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымдары;
әуе және су көлігі;
көпірлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнім құбырлары және инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері;
телекоммуникациялық және ғарыштық байланыс;
атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;
кен өндіру өнеркәсібіне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсіп;
ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;
қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндірістік және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;
әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегі.
Қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргізу межеленіп отырған үй-жайлары (жекелеген бөліктері) да объектілерге жатқызылады;
5) өтініш беруші - өзінің мақсаты үшін (тұру, қызметтер көрсету, өнімдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшін) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуды жүзеге асыруға не қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргізуге ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);
6) рұқсат беретін құжаттар - өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің Ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды:
жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі;
7) сындарлы шешімдерді өзгерту - қолданыстағы объектілердің тіреу және (немесе) сыртқы қоршау конструкцияларын (оның ішінде іргетастарды, негіздерді, қаңқаларды, бағандарды, тіреулерді, арқалықтарды, ригельдерді, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, ішкі тіреу қабырғаларды, аражабындарды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифт шахталарын және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерістер не құрылыс жобасында бұрын бекітілген сындарлы шешімдерді өзгерту.
3. Жобаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдар (деректер) мыналарды қамтиды:
1) шекарасының шегіндегі аумақты пайдалану және жоспарланған объектіні белгілеу жөніндегі регламенттерді коса алғанда, жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі;
2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
3) жобалауға және құрылысқа қажетті (жер учаскесінің және  коммуникация төселген трассаның шекарасында) құрылыс алаңын инженерлік іздестіру материалдары;
4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар;
5) аумақты инженерлік жағынан дайындау шарттарын, абаттандыру мен көгалдандыруды қоса алғанда, жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
6) жобалауға (жобалау құжаттамасын әзірлеуге) арналған бекітілген тапсырма.
4. Көрсетілген бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу  және беру тегін жүргізіледі.
5. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және ережелерімен белгіленеді.
2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері
6. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген беліктерін) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған мүдделі жеке немесе заңды тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтініші бойынша сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері:
1) өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы;
2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті шешім қабылдайды.
7. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған адамның (өтініш берушінің) жазбаша өтінішінде, тиісінше: