• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015 г

Отправить по почте

3

Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.11.2012 № 1452 Қаулысымен (29.06.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
 1-тармаққа өзгеріс енгізілді ҚР Үкіметінің 18.02.2012 № 237 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір
күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 30.01.2012 ерте емес қолданысқа енгізілуі тиіс), 16.11.2012 № 1452 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 6 мамырдағы
 N 425 қаулысымен
 бекітілген
2
Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 18.02.2012 № 237 (29.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 30.01.2012 ерте емес қолданысқа енгізіледі)
1. Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды  (деректерді) ресімдеу және беру ережесі (будан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген, ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын (бұдан әрі - жоба) әзірлеу үшін қажетті құқық белгілеуші құжаттар мен өзге де бастапқы материалдарды (деректерді) берудің және оларды беруден уәжді бас тартудың тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
1) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың)  функционалдық мақсатын өзгертуге, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
2) қайта жаңарту - әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
3) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
4) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстар:
инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
автомобиль мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымдары;
көпірлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнім құбырлары және инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері;
атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;
кен өндіру өнеркәсібіне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсіп;
ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;
қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндірістік және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;
әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегі.
Қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргізу межеленіп отырған үй-жайлары (жекелеген бөліктері) да объектілерге жатқызылады;
5) өтініш беруші - өзінің мақсаты үшін (тұру, қызметтер көрсету, өнімдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшін) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуды жүзеге асыруға не қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргізуге ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);
6) рұқсат беретін құжаттар - өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің Ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды:
жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі;
7) сындарлы шешімдерді өзгерту - қолданыстағы объектілердің тіреу және (немесе) сыртқы қоршау конструкцияларын (оның ішінде іргетастарды, негіздерді, қаңқаларды, бағандарды, тіреулерді, арқалықтарды, ригельдерді, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, ішкі тіреу қабырғаларды, аражабындарды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифт шахталарын және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерістер не құрылыс жобасында бұрын бекітілген сындарлы шешімдерді өзгерту.
3. Жобаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдар (деректер) мыналарды қамтиды:
1) шекарасының шегіндегі аумақты пайдалану және жоспарланған объектіні белгілеу жөніндегі регламенттерді коса алғанда, жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі;
2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
3) жобалауға және құрылысқа қажетті (жер учаскесінің және  коммуникация төселген трассаның шекарасында) құрылыс алаңын инженерлік іздестіру материалдары;
4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар;
5) аумақты инженерлік жағынан дайындау шарттарын, абаттандыру мен көгалдандыруды қоса алғанда, жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
6) жобалауға (жобалау құжаттамасын әзірлеуге) арналған бекітілген тапсырма.
4. Көрсетілген бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу  және беру тегін жүргізіледі.
5. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және ережелерімен белгіленеді.
6. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген беліктерін) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған мүдделі жеке немесе заңды тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтініші бойынша сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері:
2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті шешім қабылдайды.
7. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған адамның (өтініш берушінің) жазбаша өтінішінде, тиісінше:
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
2) заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почтаның мекенжайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) не бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
3) құрылысы ұйғарылып отырған объектінің мақсаты және негізгі параметрлері (есептелген қуаты, жалпы алаңы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткізу қабілеті және тағы сол сияқтылар);
4) құрылыс учаскесін орналастыру болжанған (қалап алынған) орын негіздемесі;
5) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын қолданыстағы ғимараттардың, үй-жайлардың (жекелеген бөліктерінің) мекенжайы (орналасқан жері) көрсетіледі.
1
Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім алу үшін өтінішке:
1) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
2) егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.11.2012 № 1452 Қаулысымен (29.06.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Егер өтініш беруші сұратылып отырған жер учаскесінің нақты орнын және мөлшерін (шекарасын) көрсеткен жағдайларда, онда сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері одан құрылыс жүйесінде учаскенің орналасқан жеріне қатысты өтініш берушінің тілектеріне және ұйғарылып отырған (жоспарланып отырған) құрылыс объектісінің негізгі параметрлеріне негізделген нобайларды сұратады.
9. Объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер учаскесін таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
Объект салу үшін жер учаскесін таңдау жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
10. Өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы өтініштерді қарау, сондай-ақ оларды беруден уәжді бас тарту мерзімдерін Жер кодексі айқындайды.
11. Тиісті жергілікті атқарушы органның өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы шешімі жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
12. Өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы оң шешім мүмкін болмаған жағдайларда, жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге (тапсырыс берушіге) оның осы құрылысты жүзеге асыру ниетіне қайшы келетін заңнамалық нормаларды (ережелерді, талаптарды, шектеулерді, сервитуттарды) көрсете отырып, уәжді бас тартумен жауап қайтаруға міндетті.
Өтініш беруші жерге тиісті құқық беру не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша уәжді бас тарту береді.
3. Жобалау алдындағы рәсімдер мен бастапқы материалдарды (деректерді) беруге арналған өтініштерді қарау мерзімдері
13. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі береді.
14. Егер инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алу қажет болса, олар сәулет-жоспарлау тапсырмасына міндетті қосымша болып табылады.
15. Тапсырыс беруші сәулет-жоспарлау тапсырмасын және  техникалық шарттарды алуға өтінішті сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесіне береді.
1) жергілікті атқарушы органның жерге тиісті құқық беру немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;
16. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға арналған өтінішті алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге құжаттармен қоса техникалық шарттарды алуға сұрау жібереді.
17. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер сұрауды алған сәтінен бастап 5 жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесіне қосу параметрлері мен орнын көрсете отырып, техникалық шарттарды немесе беруден негізделген бас тартуды жібереді.
Өтініш беруші техникалық шарттарды беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген тәртіппен шағымдана алады.
18. Осы Ереженің 27-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру жөніндегі өтініштерді қарау мерзімі өтініш берілген сәттен бастап сегіз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) шектерінде жүзеге асырылатын қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы өтінішті қарау немесе оларды беруден уәжді бас тарту мерзімдері өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
19. Сәулет-жобалау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
20. Берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген тәртіппен жобаны әзірлеуге рұқсат берілгендігін білдіреді.
21. Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) ұйғарылған болса және сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, он да сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
21-1. Егер қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) тірек және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуді қозғайтын, сондай-ақ қосымша жер учаскесін (аумақты, трассаны) бөліп беруді талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына хабарлау қажеттілігі көрсетіледі.
Қағидалар 21-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.11.2012 № 1452 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
22. Объект салуға немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жер учаскесін беру (бөліп беру) талап етілмеген жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу немесе жүктемені арттыру қажет болмаса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасына тиісті жазба жазылады.
23. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасына сараптама жүргізу қажеттілігі не қажет болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетіледі.
24. Тапсырыс беруші (меншік иесі) қабылдаған шешім бойынша сараптама мынадай жобалар бойынша жүргізілмеуі мүмкін:
1) жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиялары бар адамдар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл қағида сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайларды, арнайы жобалау шешімдері мен оларды сату кезіндегі іс-шараларды талап ететін аудандардағы (аймақтардан) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайлар;
3) жеке үй жанындағы учаскелердің аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелеріндегі шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы және саяжай учаскелерін абаттандыру;
5) контейнерлік және блоктық орындаудың ұтқыр кешендері, сондай-ақ жиналмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен келісуді талап етпейтін сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар);
6) саны елу бірліктен аспайтын автомашинасы бар ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екіден аспайтын автомашинаға арналған бокстары бар гараждар;
7) қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
9) желілі инженерлік желілер мен оларға арналған құрылыстарға олардың жағдайын, салыну белгілерін, құбырлардың диаметрін өзгертуді қажет етпейтін күрделі жөндеу жүргізу;
11) ғимараттардың (құрылыстардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, жаяусоқпақтар, төселген тастар;
12) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) қайта жаңартуды немесе қайта бейімдеуді талап етпейтін бірлі-жарым технологиялық немесе инженерлік жабдықтарды жөндеу және ауыстыру;
13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты бөліп беруді) талап етпейтін, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), ол туралы жоба авторының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) тиісті жазбасы болады;
14) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық күрделі емес басқа да құрылыстар.
25. Сәулет-жоспарлау тапсырмасына реңдік шешімдер және ғимараттардың (құрылыстардың) қасбетін әрлеу материалдары пайдалану, сондай-ақ олардың көлемдік-кеңістіктік шешімдері бойынша талаптар белгілеуге жол берілмейді.
26. Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жұмыстардың процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
27. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімдері мынадай объектілер бойынша өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды:
1) электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
3) қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
4) елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
5) елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 6 мамырдағы
 N 425 қаулысымен
 бекітілген
3
Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қағидалар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.11.2012 № 1452 Қаулысымен (29.06.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 6 мамырдағы
 N 425 қаулысына
 қосымша
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 819 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 381-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 647 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 259-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.