• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 15.04.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 419 Қаулысы
#$Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 
2) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары; 
3) Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері"» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 
10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы»"мүлікті бағалау" деген сөздерден кейін "(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Мыналардың: 
1)»"Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының;
2)»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 821  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 438-құжат) күші жойылды деп танылсын. 
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
                                   Қазақстан Республикасы 
                                           Үкіметінің 
                                   2007 жылғы»25 мамырдағы 
№                                              N 419 қаулысымен                                                      бекітілген
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - заң) сәйкес әзірленді және мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: 
лицензия - лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты; 
лицензиар - заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті; 
лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (25.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, қызметі тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген және қолданысы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялардың тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізеді. Мәліметтер тізілімге заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес енгізіледі.
4. Лицензиар лицензияны мынадай қызмет түрлері бойынша береді: 
1) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда); 
2) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау. 
"Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)" деп көрсетілген лицензияның негізінде жылжымайтын мүлікті (мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлікті (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады. 
"Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деп көрсетілген лицензияның негізінде зияткерлік меншік құқығы объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жүзеге асырылады. 
1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүліктің түрлері көрсетілген лицензиялардың негізінде жылжымайтын мүлікті бағалау, жылжымалы мүлікті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы жарналарды, үлестерді (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау, сондай-ақ мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалау жүзеге асырылады.
5. Лицензиялар қолданылу мерзімі шектелмей беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады.
6. Лицензия бланкілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады, олардың тіркеу нөмірі болады.
7. Лицензиар лицензия бланкілерінің есебін алуды және сақтауды жүзеге асырады.
2. Лицензия беру тәртібі
8. Лицензиялар мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі.
9. Жеке адамдар лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды: 
1) белгіленген үлгідегі өтінішті; 
2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 
4) жеке кәсіпкер үшін - өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 
6) еңбек кітапшасының немесе мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес еңбек өтілін растайтын өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін; 
7) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары берген дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе халықаралық шарттарында (келісімдерде) көзделген тәртіппен және шарттарда шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында танылатын дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 
8) тұлғаның мүлікті бағалауды (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жүргізуге қатысқанын не оны еңбек өтілінің бір жылында кемінде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды; 
"Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деп көрсетілген лицензияны алуға үміткер өтініш берушілер үшін бағалауды жүргізуге қатысқанын не оны еңбек өтілінің екі жылында кемінде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды; 
9) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөнінде дайындықтан өткендігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін (егер олардың болуы біліктілік талаптарында көзделсе) ұсынады.