• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 11.11.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 419 Қаулысы
#$Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 
2) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары; 
3) Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері"» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 
10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы»"мүлікті бағалау" деген сөздерден кейін "(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Мыналардың: 
1)»"Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 821 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 438-құжат) күші жойылды деп танылсын. 
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 25 мамырдағы
 N 419 қаулысымен
 бекітілген
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - заң) сәйкес әзірленді және мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: 
лицензия - лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты; 
лицензиар - заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті; 
лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханынан өткенін растайтын құжат.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300, 15 (25.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз).04.2010 № 318 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, қызметі тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген және қолданысы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялардың тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізеді. Мәліметтер тізілімге заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес енгізіледі.
4. Лицензиар лицензияны мынадай қызмет түрлері бойынша береді: 
1) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда); 
2) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау. 
"Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)" деп көрсетілген лицензияның негізінде жылжымайтын мүлікті (мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлікті (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады. 
"Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деп көрсетілген лицензияның негізінде зияткерлік меншік құқығы объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жүзеге асырылады. 
1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүліктің түрлері көрсетілген лицензиялардың негізінде жылжымайтын мүлікті бағалау, жылжымалы мүлікті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы жарналарды, үлестерді (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау, сондай-ақ мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалау жүзеге асырылады.
5. Лицензиялар қолданылу мерзімі шектелмей беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады.
6. Лицензия бланкілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады, олардың тіркеу нөмірі болады.
7. Лицензиар лицензия бланкілерінің есебін алуды және сақтауды жүзеге асырады.
2. Лицензия беру тәртібі
8. Лицензиялар мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі.
9. Жеке тұлғалар лицензия алу үшін лицензияларға мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары берген дипломдардың көшірмелерін не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе халықаралық шарттарда (келісімдерде) көзделген тәртіппен және шарттарда шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында танылатын дипломдарының көшірмелерін;
5) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау (егер оның болуы біліктілік талаптарында көзделсе) бойынша тағылымдамадан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
6) уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімінің көшірмесін;
7) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтаманы ұсынады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшін берілмеген жағдайда жеке тұлғалар құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.04.2010 № 318 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 20 (28.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).05.2011 № 552 Қаулысымен.(ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін)
10. Заңды тұлғалар лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін. Шетелдік заңды тұлға үшін - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың көшірмесін;