• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.09.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 610 Қаулысы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
                                      Қазақстан Республикасы 
                                             Үкіметінің 
                                      2007 жылғы 19 шілдедегі 
                                          N 610 қаулысымен                                                       бекітілген
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары
 
Р/
с
N
Лицензияланатын қызмет түрлері Лицензиялық алым
ставкалары айлық
есептік
көрсеткіштермен
1 2 3
1 Электр және жылу энергиясын өндіру,
беру және тарату, электр
станцияларын, электр желілері мен
кіші станцияларын пайдалану
10
2 Тау-кен, мұнай-химия, химия,
мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау
және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай
өнімдерін сақтау объектілерін,
магистральдық газ құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын
пайдалану
10(500)*
3 Минералдық шикізатты қайта өңдеу
(кеңінен таралған пайдалы қазбаларды
қайта өңдеуді қоспағанда)
10
4 Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс
объектілерін газдандыру жүйесін
пайдалану
10
5 Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ
кәсіпшілігі, геологиялық барлау,
тау-кен-шахта, металлургиялық,
энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан
қорғалған электр техникалық
жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды,
сондай-ақ 0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен
жұмыс істейтін және жылу жеткізу
температурасы 115 о С қазандықтарды,
0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен жұмыс
істейтін сауыттар мен құбыр жолдарды
жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу
(бірыңғай технологиялық процесте
пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды,
дайындауды, монтаждауды, жөндеуді
қоспағанда)
10
6 Электр энергиясын қайта сату
мақсатында сатып алу
10
7 Өлшеу құралдарын шығару және жөндеу 10
8 Заңды тұлғалардың түсті және қара
металл сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі
және өткізуі
10
9 Атом энергиясын пайдалану
объектілерінің өмірлік циклінің
кезеңдеріне байланысты жұмыстарды
орындау
230
10 Ядролық материалдармен, иондаушы
сәуле шығару көздерімен (медициналық
мақсаттағы рентген-диагностикалық
қондырғылардан басқа) және
радиоактивті заттармен жұмыс істеу
230
11 Медициналық рентгенологиялық
жабдықтарды пайдалануды қоспағанда,
рентгендік жабдықты әзірлеу, шығару,
өткізу және пайдалану
200
12 Атом энергиясын пайдалану саласында
қызметтер көрсету
230
13 Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле
шығару көздеріне, радиоактивті
материалдар мен радиоактивті
қалдықтарға арналған көліктік
контейнерлердің, орау жиынтықтары мен
материалдарының, құралдардың,
контейнерлердің техникалық
құжаттамасын әзірлеу, оларды
құрастыру, дайындау, шығару
230
14 Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу 230
15 Ядролық материалдарды, радиоактивті
заттарды, иондаушы сәуле шығарудың
радиоизотоптық көздерін, радиоактивті
қалдықтарды транзиттік тасымалдауды
қоса алғанда, Қазақстан Республикасы
аумағының шегінде тасымалдау
50
16 Бұрынғы ядролық сынақ полигондары
аумақтарында жүргізілген ядролық
жарылыстардың салдарынан ластанған
аумақтардағы және басқа да
аумақтардағы қызмет
50
17 Ядролық қондырғылар мен ядролық
материалдарды физикалық қорғау
230
18 Атом энергиясын пайдалануға
байланысты қызметке мамандар мен
персоналды арнайы даярлау
10
19 Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу,
сақтау, өткізу, пайдалану, жою
10
20 Тіркеу, өндірістік сынақтар мен
ғылыми зерттеулерге арналған
тәжірибелік үлгілерді қоспағанда,
пестицидтерді (улы химикаттарды)
өндіру (формуляция), өткізу, қолдану,
сондай-ақ пестицидтерді (улы
химикаттарды) және оларды өндіруге
арналған бастапқы құрамдас заттарды
әкелу жөніндегі қызмет
10
21 Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау
кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет
дабылы құралдарын монтаждау, ретке
келтіру және оларға техникалық қызмет
көрсету жөніндегі қызмет
10
22 Жолаушылар тасымалдау 3
23 Қауіпті жүктерді тасымалдау 3
24 Есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына байланысты
қызмет
20
25 Мемлекеттік құпияларды техникалық
қорғау жөніндегі қызмет
9
26 Ақпаратты криптографиялық қорғау
құралдарын әзірлеу және өткізу (оның
ішінде өзге де беру)
9
27 Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу
үшін арнайы техникалық құралдарды
әзірлеу, өндіру
20
28 Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу
үшін арнайы техникалық құралдарды
жөндеу және өткізу, ақпараттың
таралып кетуін болдырмаудың
техникалық арналарын іздеу
20
29 Монтаждауды, реттеуді, пайдалануды,
сақтауды, жөндеуді және сервистік
қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ
дәрілерді, қару-жарақ пен әскери
техниканы, олардың қосалқы
бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары
мен аспаптарын, сондай-ақ оларды
өндіруге арналған арнайы материалдар
мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру,
жөндеу, алу және өткізу
22
30 Жарылғыш және пиротехникалық заттар
мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу
және өткізу
22
31 Босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты,
әскери техниканы, арнайы құралдарды
жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және
өңдеу
22
32 Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы
мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру,
жөндеу, сату, сатып алу
7
33 Азаматтық және қызметтік атыс қаруы
мен оның патрондарын, суық қаруды,
сондай-ақ газ қаруы мен оның
патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу,
сату, сатып алу, коллекциялау,
экспонаттау
3(10)**
34 Азаматтық пиротехникалық заттар мен
олар қолданылып жасалған бұйымдарды
әзірлеу, өндіру, сату, сатып алу
3(10)***
35 Зымыран-ғарыш техникасын жасауды,
шығаруды, пайдалануды, жөндеуді және
жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін жер үсті
инфрақұрылымдарын (полигонды,
командалық-өлшеу кешенін, стендтік
базаны және басқаларын) пайдалануды
қоса алғанда, ғарыш кеңістігін
пайдалануға байланысты барлық қызмет
түрлерімен айналысу
186
36 Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық
кілтінің электрондық цифрлық
қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін
куәландыру жөніндегі, сондай-ақ
тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау
жөніндегі қызмет
25
37 Байланыс саласында қызмет көрсету 6
38 Білім беру қызметі 10
39 Телевизиялық және (немесе) радио
хабарларын таратуды ұйымдастыру
жөніндегі қызмет
6
40 Мемлекеттік орман қорының
учаскелерінде орман пайдаланушылар
жүзеге асыратын сүрек дайындау
10
41 Шитті мақтаны талшықты мақтаға
бастапқы өңдеу
10
42 Жерге орналастыру, топография-
геодезиялық және картографиялық
жұмыстар жүргізу
10
43 Медициналық, дәрігерлік қызмет 10
44 Фармацевтикалық қызмет: дәрілік
заттарды өндіру, дайындау, көтерме
және бөлшектеп өткізу
10
45 Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
мекемелерде және мемлекеттік емес
медициналық-әлеуметтік ұйымдарда
әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну
5
46 Адвокаттық қызмет 6
47 Нотариат қызметі 6
48 Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік
объектілерін, материалдық емес
активтер құнын қоспағанда)
6
49 Зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтер құнын бағалау
6
50 Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті
жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін
басқару
10
51 Аудиторлық қызмет 10
52 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жұмыстарды орындау және қызмет
көрсету
50
53 Лотерея ұйымдастыру және өткізу
(мемлекеттік (ұлттық) лотереядан
басқа)
10
54 Жеке және заңды тұлғалардың күзет
қызметін жүзеге асыру
6
55 Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау, қайта даярлау
10
56 Білім беру ұйымдарындағы қызметті
қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру,
спорттық қызметтер көрсету
10
57 Қазақстан Республикасынан шетелге
жұмыс күшін әкету
10
58 Туроператорлық, турагенттік қызмет,
туризм нұсқаушысы көрсететін
қызметтер
10
59 Ветеринария саласындағы қызмет 6
60 Сот-сараптама қызметі 6
61 Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде
археологиялық және (немесе)
ғылыми-реставрациялық жұмыстарды
жүзеге асыру
10
62 Банктер мен банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар жүргізетін банк операциялары
80(40)****
63 Банктер жүзеге асыратын өзге де
операциялар
80(40)****
64 "Өмірді сақтандыру" саласындағы
қызмет
50
65 "Жалпы сақтандыру" саласындағы
қызмет
50
66 Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет 20
67 Сақтандыру брокерінің қызметі 30
68 Сақтандыру нарығындағы актуарийлік
қызмет
5
69 Брокерлік қызмет 30
70 Дилерлік қызмет 30
71 Бағалы қағаздарды ұстаушылардың
тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
қызмет
10
72 Инвестициялық портфельді басқару
жөніндегі қызмет
30
73 Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызмет
30
74 Кастодиан қызметі 30
75 Трансфер-агенттік қызмет 10
76 Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы
құралдарымен жасалатын сауданы
ұйымдастыру жөніндегі қызмет
10
77 Зейнетақы жарналарын тарту және
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
жөніндегі қызмет
10
78 Кредиттік бюроның қызметі 40
79 Жобалау-іздестіру қызметі 10
80 Құрылыс-монтаж жұмыстары 10
81 Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
конструкцияларын (сертификатталатын
өнімдерін қоспағанда) өндіру (шығару)
10
82 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі саласындағы сараптамалық
жұмыстар және инжинирингтік қызметтер
көрсету
10
83 Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын
үлескерлердің ақшасын тарту есебін
ұйымдастыру жөніндегі қызмет
10
84 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
туы мен Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ
олар бейнеленген материалдық
объектілерді дайындау
10
85 Этил спиртінің өндірісі 500
86 Сырадан басқа алкоголь өнімінің
өндірісі
500
87 Сыра өндірісі 100
88 Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында
оларды сақтауды, көтерме және
(немесе) бөлшек саудада сату қызметін
қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау,
көтерме және (немесе) бөлшек саудада
сату
14
89 Темекі бұйымдарының өндірісі 500
90 Бөлшек сауданы жүзеге асыру және
қолма-қол шетел валютасына қызмет
көрсету
10
91 Тауарлардың экспорты мен импорты 11990*****
Ескертпе:
* Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары: 
мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану - 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК); 
тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану - 10 АЕК. 
** Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары: