Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитет (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 1319 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитет (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (30.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (30.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың үшiншi абзацында "Құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" деген сөздер "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi, Дiни iстер комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;