• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 20.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 252 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 31 наурыздағы
 № 252 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 31 наурыздағы
 № 252 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен (19.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімде:
тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті» деген кіші бөлімде:
тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген кіші бөлімде:
тақырыбы мынадай мазмұнда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті»;
реттік нөмірі 416-9-жолдың 2-бағанында «Республикалық» деген сөз «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 416-26-жолмен толықтырылсын:
«416-26     «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени       Шығыс Қазақстан              қорық-мұражайы» республикалық           облысы Катон-
     мемлекеттік қазыналық кәсіпорны         Қарағай ауданы ».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті».
4. «Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацында «, Діни істер комитеті» деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақта сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші және бір жүзінші абзацтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 7 және 37-жолдар алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
тақырыбы мен 1 және 9-тармақтарындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта:
бірінші абзацта: