Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1802 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2), 3) тармақшалары, 4-тармақтың 4-1), 5), 7) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1802 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 наурыздағы
№ 1120 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекет қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау көрсететін, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеті.
Министрлік, оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.
Ведомстволардың құзыреті мен өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін бірінші басшы айқындайды.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрлік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Министрлік кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру кезінде мұндай қызметтен түсетін табыстарды мемлекеттік бюджеттің кірісіне жібереді.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
Елдің бәсекелестік қабілетін арттыру міндеттерін шешу үшін құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, заң жобалау жұмыстарын жүргізу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізудің жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекетті тұрақты әрі біртіндеп дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта Республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету;
3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;
4) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
5) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру;
8) мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
1. Орталық аппараттың функциялары:
1) ұлттық заңнаманы дамыту;
2) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнату және қолдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасуды дайындау, ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан таныған Қазақстан Республикасының заңнамасындағы халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне құзыретті мемлекеттік органның ұсынуымен шетелдік инвесторлармен сот және төрелік талқылауларға бастамашылық ету туралы ұсыныстар енгізу;
6) халықаралық шарттар жобаларының заң сараптамасы;
7) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
8) халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету;