• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 34 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Редакция 01.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
   Премьер-Министрі                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 13 қаңтардағы
 № 34 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
  • 1
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы №355 Қаулысымен (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеті.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесімен толықтырылсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.03.2019 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 13 қаңтардағы
 № 34 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 28 қазандағы
 № 1120 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақмола облысының Сот актілерін орындау департаменті.
2. Ақтөбе облысының Сот актілерін орындау департаменті.
3. Алматы облысының Сот актілерін орындау департаменті.
4. Атырау облысының Сот актілерін орындау департаменті.
5. Шығыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
6. Жамбыл облысының Сот актілерін орындау департаменті.
7. Батыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
8. Қарағанды облысының Сот актілерін орындау департаменті.
9. Қызылорда облысының Сот актілерін орындау департаменті.
10. Қостанай облысының Сот актілерін орындау департаменті.
11. Маңғыстау облысының Сот актілерін орындау департаменті.
12. Павлодар облысының Сот актілерін орындау департаменті.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
15. Астана қаласының Сот актілерін орындау департаменті.
16. Алматы қаласының Сот актілерін орындау департаменті.