• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 552 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн: 
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердің тiзбесiнде: 
"Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 85-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"85 АЛА-002681 "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШC"; 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнің тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 218-2-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"218-2          "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШС"; 
"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 269-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"269            "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШС"; 
3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 
реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Заң" медиа-корпорациясы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi