Осы редакция 15.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Салық комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 697 Қаулысы
"Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің
Мұнайлы аудандық қазынашылық бөлімі" (бұдан әрі - Қазынашылық бөлімі) және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Мұнайлы ауданы бойынша Салық комитеті" (бұдан әрі - Салық комитеті) мемлекеттік мекемелері құрылсын.
2. Қазынашылық бөлімін және Салық комитетін қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазынашылық бөлімі және Салық комитеті туралы ережелердің бекітілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: