1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006. № 405 қаулысымен. (04.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз)










Отправить по почте

Осы редакция 29.11.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103 Қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006. № 405 қаулысымен. (04.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006. № 405 қаулысымен. (04.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттің құрылымы;
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Комитеттiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші абзацы ", Тіл комитетi." деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
2) тармақшада:
бесiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру" деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзац алынып тасталсын;
3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;
2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген 1-бөлімде:
"Тілдерді дамыту комитеті 25" деген жолдағы "Тілдерді дамыту комитеті" деген сөздер "Тіл комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi туралы ереже
тақырып және мәтінге өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2006. № 405 қаулысымен. (04.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |