• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі ретке келтiру және оның тиiмділігiн арттыру жөніндегі шаралар туралы"»Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 27 наурыздағы N 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi туралы  ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың  тiзбесi  бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiне екi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi; 
2)  қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi қарамағындағы ұйымдар болып қайта ұйымдастырылсын.
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi туралы  ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi туралы  ереже; 
3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың  тiзбесi  бекiтiлсiн.
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасына бiр орынбасары болуына; 
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақтуринвест" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын; 
қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгiленсiн: 
туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның iшiнде туристердi, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге мақсаттағы объектілердi орналастыру орындарын жоспарлау; 
туризм индустриясы объектiлерiн салу үшін қажеттi инженерлiк коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу; 
2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын«"Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын; 
қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгіленсiн: 
туризм және спорт объектiлерiн ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу; 
жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндiру; 
кәдесый және басқа да туристiк өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киiммен қамтамасыз ету.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне заңнамада белгіленген тәртiппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға  арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсiн.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне берсiн; 
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiмен бiрлесiп: 
1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 200000000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды; 
2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен қоғамдардың директорлар кеңесiн қалыптастырсын.
11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2006 жылғы 26 сәуiрдегi
 N 329 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi (бұдан әрі - Министрлiк) өзінің құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрлiктiң негiзгi мiндетi туризм, дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру болып табылады. 
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Спорт комитетi, Туризм индустриясы комитетi.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.