Toggle Dropdown
Осы редакция 26.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі ретке келтiру және оның тиiмділігiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 27 наурыздағы N 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi;
2) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi қарамағындағы ұйымдар болып қайта ұйымдастырылсын.
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақтуринвест" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгiленсiн:
туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның iшiнде туристердi, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге мақсаттағы объектілердi орналастыру орындарын жоспарлау;
туризм индустриясы объектiлерiн салу үшін қажеттi инженерлiк коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу;
2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгіленсiн:
туризм және спорт объектiлерiн ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
туристiк қызметтер мен туристiк өнімдердің маркетингi;
жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндiру;
кәдесый және басқа да туристiк өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киiммен қамтамасыз ету.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне заңнамада белгіленген тәртiппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсiн.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне берсiн;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiмен бiрлесiп:
1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 200000000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен қоғамдардың директорлар кеңесiн қалыптастырсын.
11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi туралы ереже Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің құрылымы Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуiрдегі
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)