Toggle Dropdown
Осы редакция 09.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес ұйымдар қайта аталсын.
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.
5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
1-қосымша
Қайта аталатын кәсіпорындардың тізбесі
1. «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
2. «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
3. Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
6. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
7. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Республикалық спорт колледжi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Республикалық спорт колледжi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
8. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
9. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
11. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
13. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
14. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.
15. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
16. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
17. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
18. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
19. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
20. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
21. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
22. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Сарыарқа» республикалық велотрегi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
23. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
24. «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлiк қоғамы «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлiк қоғамына.
25. «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамы «Қазспортинвест» акционерлік қоғамына.
26. «Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
бекітілген
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрi – Агенттік) Үкімет құрамына кірмейтін, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесi салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де арнайы атқару және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында шоттары болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.