Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 Қаулысы
Редакция 04.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туроператорлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 210-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 879 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 428-құжат);
3) «Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 185-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1670 қаулысымен
бекітілген
Туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі