• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 19.09.2014 күші жойылды

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 және 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 509 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
3-тармақтың 2) тармақшасы "комитетi" деген сөзден кейiн "және оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: 
"9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi;"; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы ережеде:
3) тармақша "құрылымдық" деген сөзден кейiн "және аумақтық" деген сөздермен толықтырылсын; 
4) тармақша "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн ", аумақтық бөлiмшелер бастығын және бастығының орынбасарларын" деген сөздермен толықтырылсын; 
7) тармақша "құрылымдық" деген сөзден кейiн "және аумақтық" деген сөздермен толықтырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң құрылымында: 
екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесiнен кейiн осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесiмен толықтырылсын;
2)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2008 № 339 Қаулысымен)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2006 жылғы 6 маусымдағы
 N 509 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2004 жылғы 26 қарашадағы
 N 1237 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 
8. Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 
9. Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 
10. Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 
11. Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 
12. Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма 
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма