• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 Қаулысы
Сыртқы және iшкi саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн насихаттауды күшейту мақсатында, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде: 
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитетi бар.";
2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде: 
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi          349         ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң орталық аппараты 321 
басқа елдердегi органдар аппараты (елшiлiктер, өкiлдiктер, консулдықтар мен дипломатиялық миссиялар)                      585".
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 28 қазандағы
 N 1024 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды, Қазақстан Республикасының оң имиджiн нығайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiрудi және шет елдерде оның жетiстiктерi туралы ақпарат таратуды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.