Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 772 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.05.2017 жылғы № 286 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушы ғылыми-инженерлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің технологиялық бірлігінің сақталуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін және оны әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 772 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (25.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Техника қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 1154 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 392-құжат):
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі N 772 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.08.2014 жылғы № 938 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (15.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)