Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі N 820 Қаулысы
Редакция 15.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1)»"Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 274-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.";
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.";
бірінші абзацтағы»"заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздер»"заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.";
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының