• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитеттер) құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Криминалдық полиция комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Әкiмшiлiк полиция комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекiтiлсiн.
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Тергеу комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Криминалдық полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 
4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берiлсiн. 
 3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 қазандағы № 1014 қаулысымен.
4. "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегі N 431  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 221-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде: 
"2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi:        1392         ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң орталық аппараты 657 
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi         айналымын бақылау комитетi                                52 
2) "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
"Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi ведомстволары болады.";
1) тармақшаның он бiрiншi абзацындағы "әзiрлейдi және" деген сөздер алынып тасталсын; 
2) тармақшаның бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi және жиырма төртiншi абзацтары алынып тасталсын; 
3) тармақшаның үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы, он бiрiншi және он екiншi абзацтары алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерінің тiзбесiнде: 
"244. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгi.".
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 21 сәуірдегi
 N 313 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi (бұдан әрi - Комитет) Iшкi iстер министрлiгiнiң құзыретi шегiнде қылмыстық сот iсiн жүргізу саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 
Комитеттiң негiзгi мiндеттерi қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашу, сондай-ақ iшкi iстер органдары үшiн заңнамада белгiленген құзырет шегiнде алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңнамалық кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi болады, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң  Қазынашылық  органдарында шоттары болуы мүмкiн. ( ,   ) 
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы. 
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.