• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 15.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитеттер) құрылсын.
2.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007. № 1004 Қаулысымен (21.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007. № 1004 Қаулысымен (21.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
4. "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегі N 431  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 221-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде: 
реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi:        1392         ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң орталық аппараты 657 
Iшкi әскерлер комитетi                                    225 
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi         айналымын бақылау комитетi                                52 
Тергеу комитетi                                           125 
Криминалдық полиция комитетi                              146