1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 және 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1004 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 маусымдағы Конституциялық заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын;
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Министрліктің штат санының лимитін оның аумақтық органдары мен мемлекеттік мекемелерінің санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымы мен штат санын Министрмен келісілгеннен кейін жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам бекітеді.";
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Министрліктің функциялары мен құқықтары
12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
қоғамдық тәртіпті сақтауды және қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған шаралар әзірлейді;
қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді;
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне, мемлекеттік органдарға республикадағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат береді;
мемлекеттік органдарды және өзге ұйымдардың қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы күрес, құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою мәселелері жөніндегі қызметін, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарына тосқауыл қою, жол қозғалысы қауіпсіздігін, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды;
қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадрлық саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
криминалдық, әкімшілік полиция және ішкі істер, Ішкі әскерлер, әскери-тергеу органдары, әскери, арнайы полиция органдарының өзге де қызметтерінің және көліктегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
криминалдық, әкімшілік полицияның және полицияның өзге қызметтерінің, сондай-ақ Iшкі әскерлер, әскери полиция және әскери-тергеу органдарының, арнайы полиция, көліктегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, Ішкі әскерлерінің, әскери полициясының, әскери-тергеу органдарының қызметін үйлестіру мен ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша жалпыреспубликалық және өңірлік жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша ұйымдастыру басшылығын жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше және әскери жағдайды енгізген жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
ішкі істер органдарында мемлекеттік құпияларды қорғауды, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында құпиялық режимнің сақталуын ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар әзірлейді және бекітеді;
ішкі істер органдарының жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
режимдік және ерекше күзетілетін объектілерде полиция органдары бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
азаматтарды бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін айқындайды;
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар үшін куәлік үлгісі мен эмблема белгісін бекітеді;
көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу мен есепке алу тәртібін, оларды мемлекеттік техникалық қарауды, оларды пайдаланатын, соның ішінде сенімхатпен пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу, басқару құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру тәртібін айқындайды, көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жол қозғалысына қатысуына рұқсат беруді жүргізеді және оларды басқару құқығын ұсынады;
мемлекеттік тіркеу нөмірлері белгілерінің, көлік құралдары мен тіркемелерді тіркеу туралы куәліктердің, жүргізуші куәліктерінің және көлік құралдары мен жүргізушілерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажетті басқа да арнайы өнім үлгілерін бекітеді;
көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібін айқындайды;
Министрлік жүйесінің өзіндік қауіпсіздігін, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, олардың қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді;
ішкі істер органдарының және Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне басшылық жасайды;
арнайы және әскери тасымалдауларды ұйымдастырады;
ішкі істер органдарының жұмылдыру даярлығы, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, ішкі істер органдарының арнаулы бөлімшелерінің толық және уақтылы жұмылдыруына ұдайы дайындығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлейді;
қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында республикалық ақпараттық жүйені құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті және көмек көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етуді ұйымдастыруда жәрдем көрсетеді;
өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдалануына қарсы күрес саласындағы жұмысқа арналған мамандарды, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынатын және тұтынуға әуес адамдарды профилактикалауды, емдеуді, әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және үйлестіреді;
Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің Қазақстан Республикасы үшін халықаралық квоталар бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттілік нормалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар береді;
аумақтық ішкі істер, Ішкі әскерлер органдары басшыларының және ұйым басшыларының кәсіби құзыретін аттестаттауды өткізеді;
ішкі істер органдарының жүйесі үшін кадр даярлауды және оқытуды ұйымдастырады;
лауазымдар санаты бойынша үлгі біліктілік талаптарын, ішкі істер органдары қызметкерлері мен қызметшілерінің жүктеме көлемінің нормативтерін бекітеді және олардың деңгейін айқындайды;
қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында ведомстволық ғылымды дамытуды қамтамасыз етеді және ғылыми қызметті үйлестіреді;
ішкі істер органдарында іс қағаздарының бірыңғай мемлекеттік жүйесінің қолданылуын қамтамасыз етеді;
ішкі істер органдарының қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етілуін, сондай-ақ олардың жарақталуын ұйымдастырады;
министрліктің соттағы, өзге де мемлекеттік органдардағы мүдделерін қорғауды және осы жұмысты жергілікті жерлерде үйлестіруді қамтамасыз етеді;
2) Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функцияларды жүктейді:
өз құзыретінің шегінде қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды болдырмау, жолын кесу және ашу, алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру, көші-қон заңнамасын сақтау, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау, күзет қызметін жүзеге асыру, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды;
қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиялары мен бағдарламаларын іске асыруды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды, қылмысқа қарсы күресті, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды жетілдіруге бағытталған, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды әзірлеуді;
жедел іздестіру және криминалистикалық қызметті жүзеге асырады;
ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыруды;
құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметті жүзеге асыруды;
өз құзыретінің шегінде қылмыстарды анықтауды, болдырмауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды;
қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын айқындау үшін ақпараттық-талдамалық қызметті пайдалануды;
қылмыс жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, борышкерлерді және өзге де адамдарды іздестіруді жүзеге асыруды, танылмаған мәйіттерді сәйкестендіруді;
өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруды;
заңнамаға сәйкес лицензиялар мен арнайы рұқсаттар беруді жүзеге асыруды;
лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде оған қойылатын біліктілік талаптарына олардың сай келуіне бақылау жасауды жүзеге асыруды;
сот ұйғарымдарын, сот қаулыларын, іздестіру, тергеу ісін жүргізу және заңда көзделген өзге де процессуалдық әрекет кезінде прокурордың, тергеушінің және анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындауды;
жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесуге қатысуды;
арнайы есептерді қалыптастыруды, жүргізуді;
есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына, сондай-ақ олардың теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер бойынша бірыңғай деректер банкін қалыптастыруды;
азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асыруды;
ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруды;
қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзету үшін бақылауды жүзеге асыруды;
ішкі істер органдары мен бөлімшелеріне бағыныстағылардың іс-әрекетін бақылауды жүзеге асыруды;
заңнамада белгіленген тәртіппен қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша жедел-іздестіру және қоршамалы іс-шаралар, операциялар жүргізуді, сондай-ақ оларды өзге де құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының жүргізуіне және жүзеге асыруына жәрдем көрсетуді;
қылмыс жасағаны немесе күдіктілігі бойынша ұсталғандар мен тұтқындалғандарды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстауды ұйымдастыруды;
халықты құқықтық тәрбиелеу жөніндегі шараларды іске асырады, құқықтық тәртіп пен ішкі істер органдары қызметінің жай-күйі туралы қоғамдық пікірді зерделеуді;
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтықтан шығу бойынша материалдарды қарайды, оларды тіркеуді жүзеге асыруды;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұру үшін шетелге шығуын, шетелдік азаматтарға виза беруді ресімдеуді жүзеге асыруды;
қорғалуы халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді;
режимдік, ерекше күзетілетін объектілерді және мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың, сондай-ақ шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтығын өзгертуі туралы, Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру туралы ақпарат алмасу мәселелері бойынша әділет органдарымен өзара іс-қимыл жасауды;
тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағына кіруге құқығы бар құжатттарды ресімдеуді;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, шекаралық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді;
Қазақстан Республикасының шекаралық ауданындағы құқықтық тәртіп жағдайы, тұрғылықты жерлерін белгісіз жағдайда тастап кеткен адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қатысты құқыққа қарсы ұмтылған қылмыс топтары мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабарландыруды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен оның режимін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде режимді бұзған адамдарды іздестіруге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында азаматтармен жасалған құқық бұзушылықтың жағдайларын анықтауға және тексеруге көмек көрсетуді;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынысы бойынша шекара аумағында (жолағында) орналасқан жерлердің немесе объектілердің жекелеген учаскелеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, шекараны бұзушыларды шекаралық іздеу, қарулы шабуылға тосқауыл жасауда немесе Қазақстан Республикасының аумағына шекаралас мемлекет азаматтарының жаппай өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша шектеу қоюды немесе кіруге тыйым салуды;
азаматтар мен лауазымды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың оларға белгіленген Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету, болу және ол арқылы транзиттік өту ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
заңды тұлғалардың қызметін, оның ішінде шетел жұмыс күшін тарту ережесін сақтау, елімізде шетелдіктердің болуына виза беру бөлігінде бақылауды жүзеге асыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың шет елдерге шығуын шектеу және шетелдіктерді тұрақты тұруға қалдыру туралы шешімдер қабылдауды;
ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде режимдік талаптардың сақталуын бақылауды ұйымдастыруды;
кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстауды бақылауды жүзеге асыруды;
азаматтық және қызметтік қару мен оның оқ-дәрілері айналымын бақылауды жүзеге асыруды;
заңды тұлғаларға түрлі-түсті көбейту-көшіру техникасын, жарылғыш, күшті әсер ететін улы заттарды сатып алуға, сақтауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтік қаруларды және оның оқтарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында объектілер мен үй-жайларды пайдалануға; ату тирлері мен стендтерін, штемпельді-граверлік кәсіпорындарды ашу мен олардың жұмыс істеуіне, ал жеке тұлғаларға азаматтық қару және оның оқтарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруді жүзеге асыруды;
карантиндік, санитарлық және экологиялық іс-шараларды, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде өткізуге қатысуды;
денсаулық сақтау мекемелеріне олардың ұсыныстары бойынша шақыруға келмейтін, маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен азап шегетін, жыныстық аурулармен немесе адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандардың келуін жүзеге асыруды;
құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою бойынша жұмысты, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі басқа да іс-шаралар өткізуді;
нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресудің халықаралық тәжірибесін талдау мен қорытындылауды, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды, осы саладағы заңнаманы қолдануды;
есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды егу, өндіру, дайындау, сақтау, бөлшек, көтерме және халықаралық сатуда, бөлу, зерттеу тәртібін, оларды дайындау үшін шикізаттарды, материалдарды, сондай-ақ, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімдері мен жіктеуінде көрсетілген өсімдіктерді, заттарды препараттарды анықтайтын нормаларды әзірлеуді;
Қазақстан Республикасында бақылауға алуға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне және заңсыз айналымда табылған шағын, ірі және аса ірі көлемді есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар енгізуді;
құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің Қазақстан Республикасы үшін халықаралық квоталарды бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттілік нормаларын анықтауды;
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың барлық түрлерінің ауқымын болжауды, олардың жаңа түрлерінің пайда болуын, оларды өндірілуі және таратылуын болдырмау жөнінде шаралар әзірлеуді;
Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйін және даму үрдісін, есірткілердің заңсыз айналымға түсетін өңіраралық көздер мен арналарын талдауды, олардың жолын кесу жөніндегі шараларды әзірлеуді, тиісті ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;
мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысуды;
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасасу шараларын бақылауды жүзеге асыруды;
іс жүзіндегілермен салыстырғанда аса тиімді, қауіпсіздігі төмен, есірткілік әсері әлсіз есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу және енгізу үдерісін бақылауды;
Ішкі әскерлердің жасақталуын жоспарлауды және ұйымдастыруды;
төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарларын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, жанжал аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату үшін Ішкі әскерлерді тарту туралы шешімдерді орындауды, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;
Ішкі әскерлер кадрларын іріктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ шартты негізде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды;
медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және құрылымдардың, Ішкі әскерлер әскери бөлімшелерінің және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асыруды;
қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын, ар-намысын, абыройын және мүлкін қорғауды қамтамасыз етуді;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі сауалдарын орындауды;
жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге құқығы бар ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асыруды;
жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыруды;
әскери-тергеу органдарының қызметін бақылауды жүзеге асыруды;
қылмыстық және басқа да процестерге қатысушылардың өмірін денсаулығын абыройын, намысын және мүлкін қорғау үшін бақылауды жүзеге асыруды;
профилактикалық іс-шараларды өткізу тәртібін әзірлеуді және тұрғындарды жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына және ережелеріне оқытуды;
жол-көлік оқиғаларын және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлеуді;
жеңіл, жүк автомобильдерін және автобустарды, олардың базасында дайындалған арнайы автомобильдерді, мотоциклдерді, мотороллерлерді, сондай-ақ автомобильдермен бірге қозғалуға арналған тіркемелерді, оның ішінде басқа мемлекеттерде тіркелгендерін және Қазақстан Республикасының аумағына екі айдан астам мерзімге әкелінгендерін қоса алғанда, мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін әзірлеуді;
мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерінің, көлік құралдары мен тіркемелерді тіркеу туралы куәліктердің, жүргізуші куәліктерінің және көлік құралдары мен жүргізушілерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажетті басқа да арнайы өнім үлгілерін әзірлеуді;
автомотокөлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу тәртібін әзірлеуді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген автомотокөлік құралдарын және олардың тіркемелерін, оның ішінде сенімхат және басқа да құжаттар бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеу мен есепке алудың тәртібін әзірлеуді;
белгіленген тәртіппен көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асыруды;
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысуды;
автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, сондай-ақ автомотокөлік техникасының жаңа үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуды;
жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз етуді;
мүдделі мемлекеттік органдармен жол қозғалысы қауіпсіздігіне, көшелер мен жолдардың құрылысына және қайта жаңғыртуға, сондай-ақ жүргізушілерді дайындаудың көлік құралдары мен оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты ережелердің, нормативтер мен стандарттардың жобаларын келісуді, жол қозғалысына қатысуға автомотокөлік құралдары мен олардың тіркемелеріне және жүргізушілерге рұқсат беруге байланысты жұмыстарды жүргізуді;
мемлекеттік техникалық тексерудің жүргізілуін бақылауды, көлік құралдарын пайдаланатын, оның ішінде сенімхатпен жүрген тұлғаларды тіркеу және есепке алуды және көлік құралдарын, троллейбустар мен трамвайларды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау мен куәліктер беруді жүзеге асыруды;
көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушылардың заңнамада белгіленген азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға шарт жасасу жөніндегі міндеттерін көлік құралдарының иелері мен жолаушыларды тасымалдаушылардың орындауын бақылауды жүзеге асыруды;
жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыруды және оны орындау үшін міндетті түрде нұсқамалар беруді.
13. Министрліктің оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.";
19-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерге заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;";
10) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
"19-1. Жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) Министр қалыптастыратын саясатты қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметінде ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілгеннен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелері басшылары мен олардың орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) ведомостволардың басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын ведомостволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрдің келісімі бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарларға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республиканың Президенті, Үкіметі, Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) жыл сайын Министрліктің жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы есепті әзірлейді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өнімнің ұсынылуын, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарын және оның қаржылық есебін әзірлейді және Министрмен келісілгеннен кейін бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегіндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста өз өкілеттігі шегінде Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19-2. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
2) жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
3) жеке қолданыстағы құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.";
2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 136-құжат):
2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 1) тармақшасының және 2) тармақшасының үшінші абзацын;
2) жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлға анықталған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарында көрсетілген Министрдің және жауапты хатшының өкілеттіктерін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |