Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 Қаулысы
Редакция 18.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 19 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 95-49), 95-50), 95-51), 95-52), 95-53), 95-54) және 95-55) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
3) Әкімшілік полиция комитеті;
4) Көші-қон қызметі комитеті.
5) Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның туы, жалауы және нышаны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Ішкі істер министрінің бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтіледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
1) құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
2) қоғамдық тәртіпті сақтау;
4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазаларды орындау.
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдау;
адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау;
әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Министрлік қолданыстағы заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.