Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 260 қаулысы
Редакция 19.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Комитетті таратуды, оның мүлкiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берудi жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат) 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 260 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)