Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Осы редакция 12.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 340 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы конвенцияға (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) қатысушы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 7-тармағына сәйкес өзгерiстер туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 28 сәуiрдегi N 340 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулықта:
2-тармақтың бесiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.12.2010 № 1456 Қаулысымен (14.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.12.2006. № 1203 қаулысымен. (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)