Toggle Dropdown
"Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1111 Қаулысы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 35-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 116-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында:
«негізінде беріледі.» деген сөздер «негізінде;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша рұқсатының негізінде беріледі.»;
41-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-бөліммен толықтырылсын:
«7. Жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі
67. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мұнадай құжаттарды қоса беріп осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтініш берушінің салық органдарында тіркелудің көшірмесі, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелудің көшірмесі;
3) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу келісімшартының көшірмелері;
4) гидроқұрылыстарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу шартының (келісімшартының) көшірмесі немесе гидроқұрылыстарға құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) координаттарын көрсету арқылы кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру орындарының ахуалдық схемасы;
6) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының қорытындысы;
7) кен орындарын әзірлеу жобасын оң келісудің нәтижелері қажет;
8) кен орнын әзірлеу жобасының экологиялық мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы.
68. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын өткізу үшін өтініш беруші геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді және пайдалы қазбалардың қорлары бойынша есеп жасауды қамтамасыз етеді.
Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамамен көзделген жағдайларда мәлімделген координаттардың және координаттардың бөлігін үшінші тұлғаларға ауыртпалық түсіруін, келісімшартты аумақпен, су қорлары жерлерімен немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен түйісуін қарауға жер учаскелерінің және жер қойнауы учаскелерінің координаттарын жолдайды. Қарау қорытындылары өтініш берушіге 5 жұмыс күні ішінде жолданады.
Жергілікті атқарушы органның және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарау қорытындылары бойынша жер учаскелерінің және жер қойнауы учаскелерінің координаттарын түзеткен жағдайда өтініш беруші жер учаскелерінің және жер қойнауы учаскелерінің координаттарын қайта жолдайды. Қарау қорытындылары өтініш берушіге 5 жұмыс күні ішінде жолданады.
69. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қорытындылары бойынша құрастырылған және пайдалы қазбалар қорларының саны, сапасы, құрамы, технологиялық және басқа ерекшеліктері, оның республика экономикасы үшін маңыздылығы, өндірудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа талаптары туралы ақпаратты құрайтын пайдалы қазбалардың қорлары жөніндегі есеп пайдалы қазбалардың қорлары жөніндегі өңіраралық комиссияға жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына жолданады. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
70. Кен орнын әзірлеу жобасы тиісті кен орнында пайдалы қазбаларды өндіру тәсілін, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу параметрлерін, берілген өнімділігін және өндіруге басқа қосымша өндірістік операцияларды қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді сипаттайды, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерін бағалау бөлімін құрайды.
71. Кен орнын әзірлеу жобасы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісуге, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүргізетін мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жатады. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісу қорытындылары өтініш берушіге кен орнын әзірлеу жобасын берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады. Мемлекеттiк экологиялық сараптама экологиялық заңнамада белгiленген мерзімдерде жүргізіледі.
Егер жер қойнауын пайдалану операцияларын су объектісінің су қорғау аймағының шеңберінде жүргізу жоспарланған жағдайда кен орнын әзірлеу жобасын су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның өңірлік органымен келісу қажет. Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның өңірлік органының келісу қорытындылары өтініш берушіге кен орнын әзірлеу жобасын берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.
Егер кен орнын әзірлеу жобасы бұрғылап ату жұмыстарын көздеген жағдайда төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу қажет. Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісу қорытындылары өтініш берушіге кен орнын әзірлеу жобасын берген күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.
72. Жазбаша рұқсатты беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, темір жолдарды және гидроқұрылыстарды салу және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға арналған шартты бұзу деректерін анықтау;
2) Ережелердің 67-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде бермеу;
3) сенімсіз мәліметтерді беру.
73. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтінімді берген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жолдайды. Өтініш беруші осылардың негізінде жазбаша рұқсатты беруден дәлелді бас тарту алынған лерді жойған кезде қайталанған өтініш жалпы негізде қаралады.
74. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты келісуді қамтамасыз етеді және өтініш берушіге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес өтініш берген күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде жазбаша рұқсатты береді.
75. Жазбаша рұқсат екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі, екіншісі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында сақталады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидасына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
_____________________________________________________________________
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын жалпыға кең пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беруді сұрайды
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі және көлемі – кен орны, жер
Жер қойнауын пайдалану мақсаты__________________________________________________________________________________________________________________________________________
(өндірілетін жалпыға таралған пайдалы қазбалардың түрі және
шамаланған саны (көлемі) 1.________________________________________________________________________________________________________________________________________
(кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді бастау
мен аяқтаудың шамаланған мерзімдері)
2.________________________________________________________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы) 3.________________________________________________________________________________________________________________________________________
(Басшының Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә.) 4.________________________________________________________________________________________________________________________________________
(кәсіпорынның техникалық және технологиялық мүмкіндіктері
туралы мәліметтері) 5.________________________________________________________________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің алдыңғы қызметі туралы деректер) 6.________________________________________________________________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау
және өндіру кезінде жер қойнауын пайдалану талаптары туралы ниеті) 7.________________________________________________________________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің қираған жерлерді қалпына келтіруді қоса
алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді қорғауға қатысты ниеті) 8._______________________________________________________________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланумен байланысты кірістерді және
Кәсіпорын басшысы - өтініш беруші (лауазымы)
______________________________ ______________________________ (қолы) Т.А.Ә.
Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидасына
2-қосымша
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына РҰҚСАТ
_____________________________________________________________________
________________________________________________________________ үшін
__________________________________________________________________________________________________________________________________ берілді (кімге)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісі)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану мақсаты)
20_ж. «_____» ___________
Жер қойнауын зерттеу және _________________________
пайдалану жөніндегі уәкілетті (Т.А.Ә.)
органның аумақтық бөлімшесі _________________________ (қолы)
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ________________________
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (Т.А.Ә.)
_________________________ (қолы)
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі
____________________________
____________________________