Bestprofi Logo

Қаулы № 777 от 2006-08-17г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 777 Қаулысы

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

2) Әскери қызметшiнiң отбасылық-мүлiктiк жағдайын тексеру актiсiнiң үлгi нысаны;

3) Аттестаттауға жататын әскери қызметшiге аттестаттау парағының үлгi нысаны;

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

бекiтiлген

#$Нысанға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 30.04.2007. № 352 Қаулысымен.(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)

Әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарттың үлгі нысаны

_____________________________________________________________ атынан

(уәкiлетті мемлекеттiк органның атауы, оның орналасқан жерi)

(уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының

атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы)

(келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамның (бұдан әрi -

(оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi мен берiлген

заңнамада және осы келiсiм-шартта белгiленген талаптарда __________ құрамының лауазымдарында _______ мерзiмге осы әскери қызмет өткеру туралы келiсiм-шартты (бұдан әрi - келiсiм-шарт) жасасты.

1. ___________ лауазымына әскери қызметке ерiктi түрде кiретiн азамат "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңында (бұдан әрi - Заң), "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесiн бекiту туралы" (бұдан әрi - Әскери қызмет өткеру ережесi) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында көзделген шарттармен таныстырылды және әскери қызметтiң зиянды және қауiптi жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты шектелген құқықтары туралы ескертiлдi.

2. Әскери қызметке кiретiн азамат мыналарға мiндеттi:

2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн заңнамалық кесiмдермен белгiленген шектеулердi қабылдауға;

3) келiсiм-шартты қолдану кезеңi iшiнде әскери қызмет мiндеттерiн адал орындауға;

4) әскери тәртiп пен қызмет этикасы ережелерiн сақтауға;

5) қызмет үдерiсiнде мемлекеттiк мүлiкке зиян келтiруге жол бермеуге;

6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Iшкi қызмет жарғысында белгiленген мерзiмде тиiстi лауазымды адам тағайындайтын лауазымды қабылдауға;

7) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, оның iшiнде әскери қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт iшiнде жария етпеуге;

9) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қауiп төндiретiн ахуалдың туындағаны туралы хабарлауға;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание