• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінiң (қаржы полициясы) мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық, мамандандырылған органдары мен оқу орындарының тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Агенттiк төрағасына үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары болып қайта ұйымдастырылсын. 
Агенттiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 83-құжат); 
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 сәуірдегi N 500 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 176-құжат). 
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң
 2004 жылғы 29 қаңтардағы
 N 100 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас
 жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі
 агенттігi (қаржы полициясы) туралы
 Ереже
1. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттiк) экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестiрудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. 
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар. 
4. Агенттiк заңда белгiленген өз өкiлеттiлiктерi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдайды. 
5. Агенттiк штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)" мемлекеттiк мекемесi. 
8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығы  және осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
9. Агенттiк қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге Агенттiкке тыйым салынады. 
Егер Агенттiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттіктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
1) өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету; 
2) сыбайлас жемқорлық қылмыстарының, экономика және қаржы салаларындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; 
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және іске асыруға қатысу; 
4) республикадағы жедел жағдайды талдау және болжау, қаржы полициясы органдарының араласуын талап ететiн мәселелер бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдау; 
5) экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, жедел-iздестiру қызметiнiң тактикасы мен әдiстемесiн айқындау; 
6) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша жалпы республикалық, өңiрлiк жедел-iздестiру мен алдын алу iс-шараларын үйлестiру және жүргiзу, қолда бар күш пен құралдарды қолдану жөнiнде оңтайлы шешiмдер әзiрлеу, қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарына және оқу орындарына практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету, оң жұмыс тәжiрибесiн қорыту және тарату; 
7) өз құзыретi шегiнде қаржы полициясы органдарының құрылымын жетiлдiру, қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарымен және оқу орындарымен өздерiнiң арасындағы және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу; 
8) қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарына және оқу орындарына жалпы басшылықты жүзеге асыру; 
9) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 
10) өз құзыретi шегiнде қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдарының және оқу орындарының қызметiн материалдық-техникалық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету; 
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiкке жүктеген өзге де мiндеттердi орындау. 
11. Агенттiк өз өкiлеттiктерi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) қаржы полициясының аумақтық, мамандандырылған органдары және оқу орындары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оны үйлестiру мен оның келiсiмдiлiгін қамтамасыз етедi; 
2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу қызметi мен анықтау практикасына талдау жасайды; 
3) экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң тактикасы мен әдiстемесiн айқындайды, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады; 
4) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын айқындайды, оларды iске асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;