• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 31.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 Қаулысы
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 3-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесі және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1245 және № 1253 қаулыларының күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 тамыздағы № 1316 қаулысына   мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта:
«қаулыларының» деген сөз «қаулысының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және № 1253», «және «Қазақстан Республикасында биржалық қызметті дамыту жөніндегі шаралар туралы» № 1253» деген сөздер алынып тасталсын.