• Мое избранное
Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 184 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 мамырда № 7633 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 13.08.2014 жылғы № 508 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2012 жылғы 30 наурыздағы
 № 184 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3228 санымен тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 185 бұйрығының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4794 санымен тіркелген).
3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 327 бұйрығының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5064 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 1, 2008 жылғы 27 наурыз; 2008 жылғы 25 қаңтар № 12 (1238) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 125 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 санымен тіркелген).
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 67 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6125 санымен тіркелген, 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 48 (1670) «Заң газеті», 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 48 (1845) «Юридическая газета» газеттерінде жарияланған).
6. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 274 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7117 санымен тіркелген).
7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 268 бұйрығы 1-тармағының 6) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6582 санымен тіркелген).
8. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 341 бұйрығы 1-тармағының 10) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6745 санымен тіркелген, 2011 жылғы 15 ақпандағы № 46-47 (26449) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы, № 7 (16.09.2011 ж.)). 
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2012 жылғы 30 наурыздағы
 № 184 бұйрығымен
 бекітілген
Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу
 қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен психологиялық-педагогикалық әдiстер негiзiнде тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін реттейдi.
2. Түзеу мекемелеріндегі (бұдан әрі – ТМ) сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тәрбие жұмысты бастықтың тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары бақылайды және үйлестiредi. Тәрбие жұмысын тiкелей жүргiзілуiн сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлiмнiң бастығы мен қызметкерлерi, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген шекте ТМ-нің басқа да қызметкерлері қамтамасыз етедi.
4. ТМ-де және тәрбие колонияларында (бұдан әрi – ТК) өздігінен қызмет ету ұйымдары құрылады.
2. ТМ-де тәрбие жұмысын жоспарлау
5. Тәрбие жұмысын жоспарлау осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негiзi жоспар болып табылады. ТМ-де:
1) сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жеке бөлiм болып жоспарланатын ТМ-нің тоқсанға арналған жұмыс жоспары;
2) жасақта тәрбие жұмысын жүргізудің тоқсанға арналған жоспары жасалады.
7. Сотталғандармен тәрбие жұмысын жоспарлау ТМ-де ұсталатын сотталғандарды түзеу және қайта әлеуметтендіру бойынша мiндеттердi шешуде ТМ-нің барлық қызметтерiнің күш-жiгерiн үйлестіруді қамтамасыз етеді.
8. Жоспарларда тәрбие жұмысының негiзгi бағыттары, сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы, оларды жалпы және кәсiптiк оқыту, сотталғандардың өздігінен қызмет ету ұйымдарына басшылық ету, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзу, дiни және қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасу мәселелер көрсетіледі.
9. Тәрбие жұмысын жоспарлау жоғары тұрған органдардың бұйрықтары және нұсқаулары, сотталғандар құрамындағы өзгерiстер ескеріле отырып, өткен кезеңдегi тәрбие жұмысының барлық бағыттарындағы ТМ-нің және жасақтың қызметiн, тәртiптiң жай-күйiн, ТМ-дегі жедел жағдайды талдау негiзiнде жүзеге асырылады.
10. ТМ-нің тоқсандық жұмыс жоспарында сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлiмiн сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлiмнің бастығы жасайды, оны бастықтың тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары келiсiп, ТМ бастығы бекiтедi.
11. Жасақтағы тәрбие жұмысының тоқсандық жоспарларын сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлiмнiң бастығы келiсiп, ТМ бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бекiтедi.
3. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелiк ықпал ету
12. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу сотталғандардың түзелуіне, олардың қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға ұмтылысын, еңбекке адал көзқарасын қалыптастыруға, сотталғандардың бiлiмi мен мәдени деңгейiн арттыруға және одан әрi дамытуға бағытталған.
13. Сотталғандармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесiнiң түрiн, жаза мерзiмiн, ұстау жағдайларын, олардың жеке басының ерекшелiктерiн және олар жасаған қылмыстардың мән-жайларын ескере отырып жүргiзіледi.
14. ТМ-де тәрбие жұмысын жүргiзудiң негiзгi бағыттары адамгершiлiк, әлеуметтiк-құқықтық, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру, психологиялық тәрбие, сондай-ақ сотталғандарды түзеу мақсатына қол жеткізуге ықпал етудің басқа да түрлерi болып табылады.
Адамгершiлiк тәрбиесі сотталғандарда моральдық-этикалық түсінікті қалыптастыруға, әрбір сотталған адамның қоғамда өз тәртiбiн күнделiктi сыртқы бақылаусыз реттеу қабiлеттiгін қалыптастыруға бағытталған. Адамгершiлiк тәрбиеге өзгелердiң құқығын және жеке намысын құрметтеу, адамның өмiрiне қол сұғылмаушылықты сезіну, адалдық пен шынайылыққа тәрбиелеу кіреді;
Әлеуметтiк-құқықтық тәрбиесі сотталған адамның мемлекет пен азамат арасындағы өзара қарым-қатынасы, сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарында жұмысқа орналасу, бiлiм алу, отбасылық қарым-қатынас саласында құқықтары мен мiндеттерi туралы бiлулерi, құқықтық нормаларды сақтау қажеттiлiгiне көз жеткiзуi, жасаған қылмысының қоғамдық қауiптілігінің мәні туралы түсінік алуына бағытталған. Әлеуметтiк-құқықтық тәрбиеде жүргiзiлiп жатқан реформаның, елдегi қоғамдық-саяси жағдайдың, қылмыстық жазаны орындау шегінде нормативтiк құқықтық актiлердiң мәнi түсiндiрілуi тиiс;
Эстетикалық тәрбиесі сотталғандардың эстетикалық талғамының және қоршаған ортаға адал қатынастың қалыптасуына ықпал ететін табиғат, өнер, әдебиет, сурет сұлулығының түсінігін дамытуға бағытталған;
Еңбек тәрбиесі сотталғанның еңбек деген қабiлетін дамытуға, оған босатылғаннан кейiн жұмысқа орналасу үшiн қажетті мамандық алуына мақсатталған; 
Дене тәрбиесі бас бостандығынан айыру орындарында сотталғанның денсаулығын бiрқалыпты ұстауға және бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған. Бұл үшін спорттық алаңдар, имараттар, жабдықтар мен керек-жарақтар жабдықталады;
Психологиялық тәрбиесі жазасын өтеп жатқан адамның психологиялық іс-әрекетінің заңдылығын зерттеуге, оның қылмыстық көзқарасын бұзу, сотталғанның жеке басының динамикасын, оның түзелу процесінде ықпал ететін негiзгi факторды зерттеуге, сотталғанды қайта әлеуметтендіруге бағытталған.
15. Сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу психологиялық-педагогикалық әдістер негізінде жеке, топтық және бұқаралық нысандарда ұйымдастырылады.
Сотталғандармен топтық және бұқаралық тәрбие жұмыстары (сабақтар; дәрiстер; жиындар; диспуттар; конкурстар; көркем өнерпаздық қараулар; спорттық-ойын-сауық iс-шаралары; өздігінен қызмет ету ұйымдарына қатысу; психодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық) әртүрлi көлемдегі топтарда тәрбие жұмысын өткiзудi көздейді.