Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 мамырда № 7630 тіркелді
Редакция 09.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 182 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу қағидасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 182 бұйрығына
2-қосымша
Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келу қағидасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 182 бұйрығына
3-қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті және тексеру өндірісін ұйымдастыру қағидасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 182 бұйрығына
4-қосымша
Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiп қағидасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 182 бұйрығына
5-қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды
күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғаларға күзет және қадағалауды жүзеге асыру Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңының 33-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғаларға - сотталғандар мен қылмыстар жасағаны үшін күдіктілерге (бұдан әрі - күдіктілер мен айыпталушылар) күзет және қадағалауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Тергеу изоляторларын қадағалау және күзету мыналарды:
1) кезекші ауысымның қызмет атқаруын ұйымдастыруды;
2) сыртқы күзетті ұйымдастыруды;
3) ішкі бекеттерде қадағалау мен күзетті ұйымдастыруды;
4) жинақталған бөлімше мен резервтік топтың бақылаушыларының жұмысын ұйымдастыруды;
5) ауысым, кезекшілікті қабылдау-тапсыру бойынша нұсқамалық жүргізуді;
6) режим бөлімшесі жеке құрамының қызметті атқаруын ұйымдастыруды;
7) өткізу режимі барысында қадағалау мен күзетті ұйымдастыруды;
8) күзеттің, дабылдың және байланыстың техникалық құралдарын қолдануды;
9) қызметтік иттерді пайдалану тәртіптерін;
10) қауіпсіздік шаралары, қол күшін, арнайы құралдарды, газ және атыс қару-жарақтарын қолдану негіздерін;
11) күрделі жағдайларда қадағалау мен күзетті қамтамасыз етуді;
12) күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылдауды қамтиды.
3. Кезекші ауысымдар мен режимдік бөлімдердің сандық құрамы режимдік корпустардың, күзет орындарының санын, күдіктілердің және айыпталушылардың тәуліктік қозғалысын, айдауыл, тінту және тағы басқалар жөніндегі міндеттерді орындауды ескере отырып, белгіленеді.
4. Тергеу изоляторларының сыртқы және ішкі күзетін, күзетте ұсталатын адамдардың тәртібін қадағалауды қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдар – бақылаушылар жүзеге асырады.
2. Күзеттің және қадағалаудың негізгі талаптары
5. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету мен олардың тәртібін қадағалауды бірін бірі кезекпен ауыстыратын төрт кезекші ауысымдағы жеке құрам тәулік бойы жүзеге асырады. Күдіктілер мен айыпталушыларды серуенге шығаруды, тергеушіге, дәрігерге, кездесуге апаруды және ұстау режимімен байланысты басқа да функцияларды орындауды режим бөлімінің бақылаушылары қамтамасыз етеді.
6. Сыртқы және ішкі күзет бекеттерінің саны мен орналасуы, тергеу изоляторының корпустық бөлімшелерінің саны осы Қағидаға 1 -3-қосымшаларға сәйкес нысанда ҚАЖ комитеті аумақтық бөліністерінің (бұдан әрі – аумақтық бөліністер) бастығы бекітетін бекет табельдерімен белгіленеді.
Табельдер үш данада толтырылады: біріншісі – тергеу изоляторында, екіншісі – аумақтық бөліністерде сақталады, үшіншісі – ҚАЖ комитетіне ұсынылады.
7. Корпустық бөлімшелер режимдік корпустар немесе қабаттар бойынша белгіленеді. Олардың саны бір корпустық бөлімшеде 300-ден көп болмайтын күдіктілер мен айыпталушылардың есебінен анықталады. Әрбір корпустық бөлімшеге табельдегі жазба бойынша нөмір беріледі.
8. Табельмен бекітілген ішкі және сыртқы күзет орындары табельдік күзет орындары деп аталады. Нақты жағдайларға байланысты олар табельде көрсетілгендей бір ауысымды, екі ауысымды немесе үш ауысымды, тәуліктік болуы мүмкін, ол табельде көрсетіледі. Ішкі және сыртқы күзет орындарының әрбір табельдік бекетке табельдегі жазба бойынша реттік нөмір беріледі. Табельде әрбір күзет бекеттерін күзетуде нақты не бар екендігі көрсетіледі.