Bestprofi Logo

Қаулы № 1132 от 2004-10-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;

2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 03.07.2009 № 1025 Қаулысымен; (30.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)

3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1159 Қаулысымен; (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.

4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Көшi-қон комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекiтiлсiн.

6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2007 № 859 Қаулысымен (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

Министрліктің ведомстволары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.

2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, N 2 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2009 № 801 Қаулысымен. (14.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)

6. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

7. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

8. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.

9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.03.2010 № 184 Қаулысымен (03.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша, мұқтаж азаматтар санаты мен балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласында, сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі - мемлекеттік арнайы жәрдемақы), Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

2) өзінің қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

3) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

4) қызметтің барлық салаларына арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;

5) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;

6) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание