Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 527 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.01.2012 № 124 Қаулысымен (07.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 30.01.2012 ерте емес қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 179-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
3-тармақтағы «Біліктілік деңгейі осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін» деген сөздер «Біліктілік талаптарына сәйкес келетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Лицензиар лицензия берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығы үшін өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Лицензиар өтінішті қарайды және барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензия береді.»;
8-тармақтағы «заңнамасына» деген сөз «Салық кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, жарамсыз бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және оң жақ жоғары бұрышына «Телнұсқа» деген жазумен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиат лицензиялық алым төлейді.»;
14-тармақтағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
8-тармақшадағы «көлік құралдары» деген сөздер «оқу өткізілетін әрбір санат бойынша бір данадан кем емес көлік құралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов