• Мое избранное
Лицензиялау туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2007 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2200 Заңы

Мәтiннен сөздер алынып тасталды ҚР 08.12.1997. № 200, Бас тақырыбы жаңа редакцияда, кіріспе алынып тасталды, мәтініндегі сөздер ауыстырылды ҚР 08.10.1999. № 471, мәтiнде "тарау" деген сөздердiң алдындағы "I-V" деген цифрлар тиiсiнше "1-5" деген цифрлармен ауыстырылды - 09.06.2005. № 56 Заңдарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Осы Заң күшін жойды 26.07.2007 жылдан бастап ҚР 11.01.2007 жылғы № 214 Заңына сәйкес
Редакция 12.01.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi. 
2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған  лицензиялық шарт  аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi. 
1-бап өзгертілді ҚР 15.04.2005. № 45 Заңымен. (09.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) бiлiктiлiк талаптары - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға үмiткер жеке және заңды тұлғалар сай келуге тиiстi талаптар; 
2) лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын және жаңғыртатын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 
3) лицензиат - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 
4) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат. 
2-бап жаңа редакцияда ҚР 15.04.2005. № 45 Заңымен. (09.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актiлерiмен  мемлекеттiк монополияға  жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi.  
2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады.  
Қазақстан Республикасының Үкiметi  шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне  лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы.  
3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады.  
Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс.  
4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.  
5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет (операциялар) түрлерiн ғана атқару үшiн қажет. 
6. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу немесе оны жою мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк монополияны iске асыру, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында осы Заңмен белгiленедi. 
3-бап өзгертілді ҚР Президентінің 23.12.1995. № 2720 Жарлығымен, ҚР 02.07.1997. № 144-1 Заңымен, 10.07.1998. № 283 заңымен, 08.10.1999. № 471 Заңымен, 15.04.2005. № 45 Заңымен.
4-бап. Лицензиялардың түрлерi
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады: 
1. Субъектiлер бойынша: 
1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берiлетiндер; 
2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер. 
2. Қызмет көлемi бойынша:  
1) бас - қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі;  
2) бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрiнде), сондай-ақ капиталдың қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт-импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға берiлетiндер.
2-тармақша өзгертілді ҚР 12.01.2007 жылғы № 220 Заңымен (09.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2007 жылдан бастап)
3) операциялық - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берiлетiндер.
3.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 10.07.1998. № 283 заңымен
4. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша: 
1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн; 
2) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын; 
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар. 
4-бап өзгертілді ҚР Президентінің 31.08.1995. № 2447 жарлығымен, ҚР 10.07.1998. № 283 заңымен, 08.10.1999. № 471 Заңымен, 05.07.2000. № 79 Заңымен, 08.05.2003. № 411 Заңымен.(2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi)
5-бап. Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
1. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi.
1-1. Лицензиялау саласындағы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
2.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 08.12.1997. № 200 Заңымен
2. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi.   
3. Лицензиарларға лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiктерiн лицензиялау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген  жауаптылықта  болады. 
5-бап өзгертілді ҚР Президентінің 31.08.1995. № 2447 жарлығымен, ҚР 08.12.1997. № 200 Заңымен, 01.07.1998. № 259 Заңымен, 10.07.1998. № 283 Заңымен, 15.04.2005. № 45 Заңымен.
6-бап. Лицензиялардың нысандары
Лицензиялардың берiлетiндерiнiң  нысандарын  Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған  лицензияның нысандарын  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.  
Осы Заңның 11-бабының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Халық Банкi, ал осы Заңның 11-бабының 2) тармақшасында көзделген қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын аудиторлық қызмет пен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 
6-бап өзгертілді ҚР Президентінің 31.08.1995. № 2447 жарлығымен, 08.12.1997. № 200 Заңымен, 16.07.1999. № 436 Заңымен, Республикасының 05.07.2000. № 79 Заңымен, 10.07.2003. № 483 Заңымен, 07.07.2004. № 577 Заңымен, 15.04.2005. № 45 Заңымен, 05.05.2006. № 139 Заңдарымен.(2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi)
7-бап. Лицензия және басқа да құқық белгiлеушi құжаттар
1. Қандай да бiр қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) жүзеге асыру үшiн лицензиядан басқа өзге де рұқсат алу талап етiлетiн болса (жер учаскесiн бөлiп беру және басқалар), мұндай рұқсаттар лицензия алғаннан кейiн берiледi.  
Лицензия болмаған жағдайда рұқсат жарамсыз деп есептеледi. 
2. Мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру қоғамдарының, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, қызметтi жүзеге асыруға немесе лицензиялауды талап ететiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi (операцияларды) жасауға лицензия болған кезде ғана жол берiледi.  
3. Лицензия болмаған жағдайда жасалған мәмiлелер жарамсыз деп есептеледi.