Қазақстан Республикасының»" Білім туралы " 1999 жылғы 7 маусымдағы және»" Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Осы редакция 28.05.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 Қаулысы
Қазақстан Республикасының»" Білім туралы " 1999 жылғы 7 маусымдағы және»" Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) Білім беру қызметін лицензиялау ережесі;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.
2. Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс:
мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметі;
мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі.
3. Білім беру ұйымдарының филиалдары оларға лицензияның жеке қосымшасын беру арқылы білім беру ұйымдарының құрамында лицензияланады.
4. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мәселелерін алқалы және жариялы түрде қарау үшін лицензиар консультативтік-кеңесші орган құруы мүмкін.
2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
5. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінішті;
2) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5) білім беру қызметін жүргізу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
6) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды.
Лицензиясы бар білім беру қызметі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Білім беру ұйымдарының филиалдары лицензияға қосымшаны алу үшін аталған құжаттармен қатар Филиал туралы ережені және тіркеу құжаттарын ұсынады.
6. Лицензиар білім беру ұйымының өтінішін қарау үдерісінде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды тексеру мақсатында сараптама жүргізеді.
3. Лицензиядан айыру және оның қолданылуын тоқтата тұру
7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) мектепке дейінгі ұйымдарға тәрбиеленушілердің жас шамасына және санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес топтың толымдылығына сәйкес қабылдауды жүзеге асыруы;
2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
4) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының белгіленген нормативтерге сәйкес тәрбиеленушілердің дене бітімі, зияткерлік және жеке тұлғасының дамуы үшін ойын материалдары мен жабдықтардың, балаларға арналған және әдістемелік әдебиеттің болуы;
5) тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетудің болуы;
6) тәрбиеленушілерге арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
7) меншікті оқу-материалдық базасының болуы.
2. Жалпы бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;