Bestprofi Logo

Талаптар № 452 от 2007-06-02г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 Қаулысы

Қазақстан Республикасының "Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі және "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) Білім беру қызметін лицензиялау ережесі;

2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысымен бекітілген

Білім беру қызметін лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.

2. Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс:

мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі.

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506 Қаулысымен (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506 Қаулысымен (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506 Қаулысымен (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі

5. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:

2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506 Қаулысымен; (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

3) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

5) білім беру қызметін жүргізу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

6) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды.

Лицензиясы бар білім беру қызметі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Білім беру ұйымдарының филиалдары лицензияға қосымшаны алу үшін аталған құжаттармен қатар Филиал туралы ережені және тіркеу құжаттарын ұсынады.

5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506 Қаулысымен (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

6. Лицензиар білім беру ұйымының өтінішін қарау үдерісінде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды тексеру мақсатында сараптама жүргізеді.

3. Лицензиядан айыру және оның қолданылуын тоқтата тұру

7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506 (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысымен бекітілген

Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:

1) мектепке дейінгі ұйымдарға тәрбиеленушілердің жас шамасына және санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес топтың толымдылығына сәйкес қабылдауды жүзеге асыруы;

2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;

3) оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;

4) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының белгіленген нормативтерге сәйкес тәрбиеленушілердің дене бітімі, зияткерлік және жеке тұлғасының дамуы үшін ойын материалдары мен жабдықтардың, балаларға арналған және әдістемелік әдебиеттің болуы;

5) тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетудің болуы;

6) тәрбиеленушілерге арналған тамақтандыру объектісінің болуы;

7) меншік не шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе мүліктік жалдау (жалға алу) құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506, 05 (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).12.2009 № 2020 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

2. Бастауыш білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:

1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;

2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание