Toggle Dropdown
Осы редакция 11.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының "Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі және "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 452 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Білім беру қызметін лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 452 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Toggle Dropdown
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Бастауыш білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
Toggle Dropdown
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
Toggle Dropdown
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
Toggle Dropdown
4) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
Toggle Dropdown
5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
Toggle Dropdown
6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
Toggle Dropdown
7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
Toggle Dropdown
3. Негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
Toggle Dropdown
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
Toggle Dropdown
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
Toggle Dropdown
4) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
Toggle Dropdown
5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
Toggle Dropdown
6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
Toggle Dropdown
7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
Toggle Dropdown
4. Жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
Toggle Dropdown
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
Toggle Dropdown
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
Toggle Dropdown
4) білім алушылар контингентіне шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
Toggle Dropdown
5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
Toggle Dropdown
6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
Toggle Dropdown
7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
Toggle Dropdown
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) жұмыс оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
Toggle Dropdown
2) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы;
Toggle Dropdown
3) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
Toggle Dropdown
4) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
Toggle Dropdown
5) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
Toggle Dropdown
6) тиісті кәсіптер немесе мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарын орындау үшін қажетті компьютерлік сыныппен, оқу-зертханалық жабдықпен, арнайы оқу жабдығымен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандырылуы;
Toggle Dropdown
7) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
Toggle Dropdown
8) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
Toggle Dropdown
9) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;