Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 мамырдағы N 506 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 195 қаулысымен (28.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 18, 202-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспеде "1999 жылғы 7 маусымдағы" деген сөздер "2007 жылғы 27 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялау ережесінде:
2-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі";
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
5-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы "Мектепке дейінгі ұйымдардың" деген сөздер "Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
1, 2, 3 және 4-тармақтардың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.";
2-тармақтың бірінші абзацында "Жалпы бастауыш білім беретін" деген сөздер "Бастауыш білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацында "Жалпы негізгі білім беретін" деген сөздер "Негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацында "Жалпы орта білім беретін" деген сөздер "Жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші абзацта "Мектептен тыс ұйымдардың қызметіне" деген сөздер "Балаларға арналған қосымша білім беру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.";
6-тармақта:
бірінші абзацта "Кәсіптік бастауыш білім беретін" деген сөздер "Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) тиісті кәсіптер немесе мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарын орындау үшін қажетті компьютерлік сыныппен, оқу-зертханалық жабдықпен, арнайы оқу жабдығымен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандырылуы;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Орта білімнен кейінгі кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) білім беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
2) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы;
3) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі және (немесе) магистрлар, ғылым кандидаттары, докторлары, ғылыми атақтарымен олардың жалпы санының 40 пайызынан кем болмауы;
4) оқушылар құрамына шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 40 бірлік басылымнан келетін оқу мен оқу-әдістемелік әдебиеті қорының болуы;
5) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
6) компьютерлік сыныппен, оқу-зертхана жабдығымен, арнайы оқу жабдығымен және тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарын орындау үшін қажетті техникалық оқу құралдарымен жарақтандырылуы;
7) білім алушының бір жылғы оқуына ең төмен шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған орта білімнен кейін мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
8) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттарының болуы;
9) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
10) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
11) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі орта білімнен кейін оқу бағдарламаларын іске асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Бакалавр" академиялық дәрежесін тағайындай отырып, жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру;
2) университеттер, институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін ғылыми және педагогикалық қызмет жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; академиялар, консерваториялар үшін ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
3) бір оқытушыға шаққанда студенттер контингентінің жоғары оқу орындарының оқу-материалдық активтеріне қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
4) білім беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
5) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық циклдері мен бейінді пәндері бойынша: институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін 50 пайыздан кем болмауы; академиялар, консерваториялар үшін 60 пайыздан кем болмауы; университеттер үшін 70 пайыздан кем болмауы;
6) оқытушылар үлесі:
ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар, ал өнер және мәдени білім беру ұйымдары үшін штаттағы оқытушылар санының Қазақстан Республикасының құрметті атақтары бар оқытушылары, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық және бейіндік пәндер бойынша оқытушылар: институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін 35 пайыздан кем болмауы; академиялар, консерваториялар, университеттер үшін 45 пайыздан кем болмауы;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылар үлесі: ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар, сондай-ақ азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар салаларында әскери академияларды, университеттерді бітіргені туралы дипломы бар оқытушылар, жедел бөлімшелерде қызметтен өткен полковник әскери атағынан төмен емес оқытушылар, штаттағы оқытушылар санынан "спорт шебері" және одан жоғары атағы барлар, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық және бейіндік пәндері бойынша 35 пайыздан кем болмауы;
7) студенттердің келтірілген контингентіне шаққанда толық оқу цикліне саны кемінде 140 бірлік басылымнан келетін оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілдері бойынша оқушылар контингентіне бара бар болуы тиіс. Кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс. Институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін электрондық және магниттік жеткізгіштердегі оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуі мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің 10 пайызынан кем болмауы; академиялар, консерваториялар үшін мамандықтың оқу жоспары пәндерінің 15 пайызынан кем болмауы; университеттер үшін мамандықтың оқу жоспары пәндерінің 20 пайызынан кем болмауы;
8) жұмыс оқу жоспарларының және жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
9) білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
10) студенттің бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
11) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
12) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
13) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
14) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.";
9-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Магистр" академиялық дәрежесін тағайындай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:";
1), 2), 7), 10) және 13) тармақшалар алынып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) оқытушылар үлесі: штаттағы оқытушылар санының, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық циклдері және бейінді пәндері бойынша ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар мамандықтар бойынша 45 пайыздан кем болмауы";
11) тармақша "меншікті" деген сөзден кейін "не" деген сөзбен толықтырылсын, "білім алу үшін жағдайларды" деген сөздер "білім беру қызметінің сапасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшада "кәсіптік білімді" деген сөздер "жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"білім беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;";
мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
"19) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі.";
10-тармақтың 6) тармақшасында "діни конфессияның" деген сөздер "діни басқарманың (орталықтың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (резидентура және адъюнктура) оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, даярлық бейіні бойынша отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар әрбір ғылыми даярлық мамандық бойынша резидентура, адъюнктура үшін кемінде екі штаттық ғылым докторының болуы";
мынадай мазмұндағы 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) білім беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
4) резидентура, адъюнктура тыңдаушыларының жеке жоспарларына сәйкес қажетті жабдықпен, зертханалармен, кітапханалармен қамтамасыз етілуі;
5) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
6) студенттің бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
7) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
8) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
9) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
10) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.";
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор: жоғары академиялық дәрежесін тағайындай отырып, докторантура бағдарламалары бойынша жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру;
2) білім беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
3) оқытушылар үлесі: штаттағы оқытушылар санының, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық циклдері және бейінді пәндері бойынша ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар мамандықтар бойынша 50 пайыздан кем болмауы; тиісті мамандықтар бойынша философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелері бар шетелдік ғалымдардың болуы;
4) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
5) докторантура бағдарламаларын іске асыратын жетекші аккредиттелген шетелдік білім беру-ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы;
6) білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті аудиторлық қормен, компьютерлік сыныптармен, зертханалармен, құралдармен қамтамасыз етумен, қор материалымен жарақтандырылуы;
7) білім алушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
8) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
9) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
10) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
11) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |